Тау-кен инженериясы
Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық және жерасты игеру, шахта және жер асты құрылысы саласында мамандар даярлайды. Оқу бағдарламасының ASIIN (Германия) бағдарламасы бойынша халықаралық аккредитациясы бар.
Бағдарлама алғашқы инженерлік-техникалық лауазымдарда жұмыс істеуге және озық технологиялар мен қазіргі заманғы тау-кен көлік жабдықтары негізінде әртүрлі тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық жағдайларда табиғи ресурстарды өндіруді тиімді жүргізуге қабілетті тау-кен кешені кәсіпорындары үшін мамандар даярлайды.
Оқу бағдарламасы үш білім беру траекториялары бойынша жүзеге асырылады: "Шахта және жерасты құрылысы", "Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру" және "Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру". Бағдарлама жалпы инженерлік пәндердің 40% білім беру бағдарламасындағы мазмұны есебінен өндірістік және өнеркәсіптік сектордың қажеттіліктеріне бейімделген. Түлектер жалпы инженерлік пәндердің іргелі жиынтығы, сондай-ақ бейінді (профильді) пәндердің 60% бойынша білім алады.
Бағдарлама пайдалы қазбалар кен орындарын игеру саласында толыққанды және сапалы кәсіби білім береді. Сіздің білетініңіз: тау-кен өндірісінің технологиясы, кешенді механизациясы, ұйымдастырылуы мен экономикасы; тау-кен өндірісін жобалау және жетілдіру, зерттеулер жүргізудің әдістері мен принциптері. Нәтижесінде сіз өнеркәсіптің тау-кен, көмір, тау-кен-химия, тау-кен-құрылыс саласы үшін бакалавр дәрежесін және инженер біліктілігін алып шығасыз.
Бағдарлама таныстыру, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибені қарастырады. Студенттер «Қазатомпром», «Қазақалтын», «Қазақмыс», «Қазхром», «Қазцинк», KazMinerals, «Altyntau Resources», «Қазфосфат» және т.б. ірі-ірі өндірістік компанияларда тәжірибеден өтеді.
Бағдарлама арқылы тау-кен ісі саласында кадрлар даярлау және зерттеулер бойынша 20-дан астам халықаралық шарттар жасалған. Серіктестер: Фрайберг тау-кен академиясының техникалық университеті (Германия), Колорадо тау-кен мектебі (АҚШ), Мәскеу мемлекеттік тау-кен университеті, Санкт-Петербург тау-кен университеті, Томск политехникалық университеті, Пекин тау-кен технологиялық университеті (Қытай), Мәскеу болат және қорытпа институты және т. б.
Мамандану үшін келесі траекториялардың бірін таңдай аласыз:
- Ашық тау-кен жұмыстары – тау-кен жұмыстарын ашық әдіспен жобалау және жүргізу, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету, әзірлеу шарттарын талдау.
- Кен орындарын жерасты игеру – пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алу және оларды бастапқы өңдеу.
- Жерасты құрылыстарын салу және шахталық құрылыс.
- Уран кен орындарын игерудің геотехнологиясы, соның ішінде жерасты жұмыстарын жүргізу технологиясы.
- Маркшейдерлік іс – пайдалы қазбалар кен орындарын барлау, жобалау, салу, тау-кен кәсіпорындарын пайдалану.
Түлектер табиғи ресурстарды өндіру саласында бастапқы инженерлік-техникалық лауазымдарда – тау-кен және отын-энергетикалық кешендер, қара және түсті металлургия, металл емес тау-кен шикізатын өндіру кәсіпорындарында, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, оқу орындарының зертханаларында жұмыс істейді.