Инженерлік механика және модельдеу

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В064 Механика және металл өңдеу Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
inzhenernaya-mekhanika-i-modelirovanie
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Инженерлік жүйелер мен құрылымдарды жасау, инженерлік механика және компьютердік технология саласына, математика, физика, информатика және робототехника қиылысында механикалық қозғалысты модельдеу саласына қажетті мамандарды даярлау.

Студенттер математикалық модельдеу әдістерінің көмегімен қатты денелердегі, сұйықтардағы, газдардағы және плазмалардағы физикалық процестерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ механика, математика, физика, химия пәндері бойынша іргелі білімді меңгеріп шығады және инженерлік механика мен ақпараттық технологиялар мәселелерін модельдеу, жаңа механизмдер мен механикалық құрылғыларды, механикалық, жылу және гидравликалық жүйелерді, жылу және масса тасымалдау құрылғылар және қондырғылар, роботтар мен манипуляторлар әдістерін үйреніп шығады.

Оқыту процесінде математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер негіздеріне, қазіргі инженерлік жобалаудың негізінде жатқан физика мен механика заңдарына, сандық және компьютерлік модельдеу әдістеріне және ақпараттық технологияларға ерекше көңіл бөлінеді. Осы салалар бойынша алынған базалық білім болашақ мамандарға жаңа технологияларды оңай меңгеруге мүмкіндік береді.

Бағдарлама MIT, Стэнфорд университеті, Кембридж университеті, Пенсильвания мемлекеттік университеті, Наньян технологиялық университеті (Сингапур), Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялық университеті, Санкт-Петербургтің Ұлы Петр политехникалық университеті сияқты әлемдегі ең үздік зерттеу және инженерлік университеттердің бағдарламалары негізінде әзірленген.

Түлектер өнеркәсіптің кез келген дерлік саласында, әсіресе машина жасау және энергетика саласында инженер болып жұмыс істей алады, көптеген түлектер бизнесте немесе қоғамдық қызметте мансапты жалғастырады.