Ақпарат:

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
khimicheskaya-tekhnologiya-organicheskikh-veshchestv
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М097 Химиялық инженерия және процесстер

Бейорганикалық химия

Жалпы химиялық технология

Биологиялық белсенді заттарды, еріткіштерді, пестицидтерді, синтетикалық полимерлер мен полимерлік материалдарды, арнайы сұйықтықтарды, беттік-белсенді және жуғыш заттарды өндіруге арналған мономерлер мен қосалқы заттарды, органикалық бояғыштар мен басқа да органикалық синтез өнімдерін өндіру үшін органикалық синтездің аралық өнімдерін өңдеу процестері саласына қажетті мамандарды даярлау бағдарламасы.

Негізгі органикалық синтез өнеркәсібі, синтетикалық органикалық заттарды өндіру – химия өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі болып табылады. Ал химиялық технология – өте сирек кездесетін, қиын және ерекше мамандық, сөйтсе де ол жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Студенттер мұнай өңдеу, негізгі органикалық және мұнай-химиялық синтез, мұнай-химия өнімдерін алу, берілген сапа мен құрам дәрежесіндегі органикалық заттарды алу үшін шикізатты өңдеу процестерін тереңдетіп оқиды.

Сондай-ақ студенттер органикалық синтез және мұнай өңдеу кәсіпорындарының технологиялық желілерін пайдалану, органикалық заттарды алудың жаңа химиялық технологияларын жобалау мен оларды жасау дағдыларын меңгеріп шығады.

Түлектер мұнай және газ өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарда, мұнай-химия, металлургия, фармацевтика өнеркәсібінің әртүрлі салаларында немесе білім беру жүйесінде – жоғары және арнаулы оқу орындарында сабақ береді, ғылыми-зерттеу институттарында, кәсіпорындар мен зертханаларда инженер-химик болып жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту