Mineral Processing
Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Пайдалы қазбаларды өңдеу саласына қажетті мамандарды даярлайды. Олар қара, түсті, асыл, радиоактивті, сирек және басқа да металдар кендерін байытудың, сондай-ақ техногендік шикізатты қайта өңдеу технологиясын меңгеріп шығады.

Студенттер кенді және техногендік шикізатты байыту саласы бойынша ғылым мен техниканың дамуына, сонымен қатар тау-кен металлургия өнеркәсібінің өзгермелі қажеттіліктеріне сәйкес ғылыми-жаратылыстану, жалпы инженерлік, іргелі және кәсіптік білім алады.

Студенттер еліміздің минералдық-шикізаттық базасын, кенді және техногендік шикізатты байыту технологияларын үйреніп шығады, ақпараттық технологиялар мен математикалық модельдеу әдістерін пайдалана отырып, кен байыту кәсіпорындарына арналған технологиялар мен жабдықтарды жобалаудың инженерлік есептерін шешуді үйренеді.

Түлектер тау-кен металлургия кешенінде тапшы және сұранысқа ие кәсіптер тізіміне енгізілген «кен байыту» мамандығы бойынша жұмыс істейді және пайдалы қазбалар қорларының сарқылу немесе кен қорларының сарқылу мәселелерін шеше алады. Өздерінің атқаратын міндеттері аясында олар минералды шикізатты алу және байыту әдістеріне технологиялық түзетулер енгізе алады, өндіріс қалдықтары мен шламдарды қайта өңдеу технологияларын үйреніп шығады.

Түлектер «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақмыс», «Kazminerals», «Қазцинк», «Алтыналмас», «Арселор Миттал Теміртау», «Өскемен титано-магний комбинаты», «Қазхром», «ERG ғылыми-зерттеу инженерлік орталығы» және т.б. компанияларда жұмыс істейді.