Ақпарат:

Жерүсті электр көлігі және зарядтау инфрақұрылымы

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В062 Электротехника және энергетика Математика - Физика
Бағасы
1 111 380 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 416 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
nazemnyy-elektricheskiy-transport-i-zaryadnaya-infrastruktura
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Жерүсті электр көліктері және жерүсті көліктерінің жаңа индустриясы үшін зарядтау инфрақұрылымы саласына қажетті инженерлерді даярлау, атап айтқанда, трамвай, троллейбус, электроскутер, электромобиль және т.б. Электрлік көлікке көшу – бүкіл әлемде көлікті дамытудың жаңа маңызды үрдісі болғандықтан, бұл инновациялық бағдарламаның түлектері жоғары сұранысқа ие болуда.

Бағдарламада математикалық пәндердің көлемі ұлғайтылды және бір жағынан, электрлік көлік пен зарядтау инфрақұрылымы бойынша пәндер және екінші жағынан, жаңартылатын энергия бойынша пәндерді қамтитын ықтималды екі оқу жолы қосылды.

Студенттер «Электрлік көліктер және электрлік арнайы жабдықтар», «Зарядтау құрылғылары», «Электр көлігінің энергетикасы», «Электромобильдердің техникалық диагностикасының негіздері», «Электр көліктерін ұшқышсыз басқару», «Электрокөліктерді зарядтау инфрақұрылымы», сондай-ақ әртүрлі зарядтау станциялары бар гибридті энергетикалық кешендерді оқиды.

Студенттер заманауи электр машиналарын жобалау және оларға техникалық қызмет көрсету, электр көліктерін зарядтау инфрақұрылымының жүйелерін есептеу және жобалау, электр энергиясының шығындарын есептеу, энергетикалық жүйелерді басқару және бағалау үшін қажетті бағдарламалармен жұмыс істеуді үйреніп шығады.

Бағдарлама бойынша «PoliTechElectronics», «Оператор ЭЗС», «Метрополитен», «Алматыэлектротранс», «Jet Sharing» және т.б. сияқты ірі кәсіпорындарда тағылымдамадан өту қарастырылған.

Түлектер жерүсті электр көліктерін шығаратын кәсіпорындарда, өндірістік цехтар мен инженерлік бөлімдерде, электробустар мен электромобильдерді пайдалану жөніндегі көлік компанияларында, жеке мобильді құралдарды пайдалану және жөндеу бойынша сервистік орталықтарда, сондай-ақ энергетикалық және экологиялық сараптамамен айналысатын өндірістік зертханаларда жұмыс істейді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту