Мұнай-газ және кен геофизикасы
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M109 Мұнай және кен геофизикасы |
Далалық және ұңғымалық геофизикалық зерттеулердің теориялық негіздеріне кіріспе |
Далалық және ұңғымалық геофизикалық зерттеулерді жүргізу, өңдеу және түсіндіру әдістемесі, техникасы мен технологиясы |
«Мұнай-газ және руда геофизикасы» бағытындағы магистратура бағдарламасы түлектерге күрделі мәселелерді шешу үшін қажет тереңдетілген іргелі білімді игеруге мүмкіндік береді; абстрактылы ойлау дағдылары және ғылыми-зерттеу және практикалық тұрғыдан кәсіби міндеттерді қою қабілетіне үйретеді; іс жүзінде қолданыстағы өндіріс құрылымдарында олардың жарамдылығын, шығындарын, ақпаратын, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін ескере отырып, осы проблемаларға оңтайлы шешімдер табуға мүмкіндік беретін кәсіби мамандарды даярлайды.
«Мұнай-газ және руда геофизикасы» бағытындағы магистратура бағдарламасы пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлаудың геофизикалық әдістері, сондай-ақ жер қыртысының геологиялық құрылымын зерттеу саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
Сіз далалық және ұңғымалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, деректерді өңдеу, интерпретациялау және модельдеу сияқты геологиялық-геофизикалық зерттеулердің кезеңдері арқылы сатылы түрде сапалы кәсіби білім ала аласыз, геофизикалық әр әдістің мүмкіндіктерін бағалай аласыз.
Сіз пайдалы қазбалар кен орындарына бағытталған объектілеріне, оның құрылымына байланысты геологиялық-геофизикалық мәліметтеріне анализ жасауды білуге; кен орындарды іздеу мен барлау кезінде тура және кері есепті шешуге, құрастыру мен күрделі мәселелерді оңтайлы шешуге және тағы басқа жағдайларға дайын болуға үйренесіз.
Геофизика кафедрасының «Мұнай-газ және руда геофизикасы» бағытындағы магистратура түлектері:
- геофизикалық аппараттармен, геофизикалық мәліметтермен, ақпараттарды игеру көзі болып саналатын компьютерлермен жұмыс істеуді үйренеді;
- далалық және лабораториялық геофизикалық-геологиялық мәліметтерді өңдеуді, анализ жасауды, мәліметтер жинақтауды практикада қолдануды үйретеді;
- ғылыми-практикалық семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
- ғылыми-зерттеу ұжымдарының құрамында зерттеу тақырыптары бойынша есептерді, тезистерді, библиографияларды құрастыру қабілетін көрсетіп, жарияланымдарды дайындайды.
«Мұнай-газ және руда геофизикасы» бағытындағы магистратура бағдарламасы Studio RM, Petrel, Eclipse, Surfer, Geosoft, Geolog-Focus, Echos-Gold секілді заманауи компьтерлік программалармен жұмыс жасауды үйретеді.
Магистранттар ғылыми-зерттеу институттарында (ҚР ОБМ Сейсмология институты, «ҚазНИПИмұнайгаз» Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты,) операторлық және сервистік компанияларда: Karachaganak Petroleum Operating, PGS, «Тенгизшевройл», «Қазгеология», «ДАНК», «PGD Services», «НПЦ «Геокен», «ТатАрка», «Қазақстанкаспийшельф» «Казахская геофизическая компания», «Батыс геофизсервис», «Компания ГИС», «Азимут Энерджи Сервисиз», «Қазақмыс», және т.б. ірі-ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді.
Мұнай-газ және қатты пайдалы қазба геология-геофизикасының заманауи мәселелері туралы лекциялар жүргізуге алыс-жақын шетелдердің жетекші университеттерінен профессорлар, ғылыми-зерттеу институттар мен өндірістік компаниялардан сарапшылар шакырылады.
Үздік магистранттар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Томск мемлекеттік университетінде, Фрайе университетінде (Германия), Лоррэн университетінде (Нанси, Франция), Тау-кен техникасы және технологиясы институтында (Пекин, Қытай), Adam Mickiewicz University (Польша), University of Warsaw (Польша), Bergakademie Freiberg (Германия), Vrije Universiteit Brussel (Бельгия), Natural History Museum (Лондон, Ұлыбритания) және әлемнің басқа да ЖОО-да қосымша білім ала алады.
Біріруші түлектер техника және технология магистрі дәрежесін алып, мұнай-газ және тау-кен компанияларында инженерлік кызметте, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер лауазымдарында жұмыс жасай алады.
Профессорлық-оқытушылық құрамы:
Сабақты ғылыми дәрежесі бар профессорлар мен қауымдастырылған профессорлар, пайдалы қазбаны іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері бойынша базалық және қолданбалы зерттеу саласында; каротаж, геофизикалық потенциалдар өрісі және сейсмобарлаудағы мәліметтерді өңдеу, интерпретациялау, модельдеуде; қатты пайдалы қазба және мұнай-газ қорын бағалау және жобалау, геологиялық барлау жұмыстарына аудит және мониторинг, пайдалы қазбаға геодинамикалық мониторинг жүргізу бойынша кешенді бағдараламалар жасауда және т.б. салада үлкен тәжірибесі бар лекторлар жүргізеді.
Жеке көзқарас:
Әрбір магистрант өзінің кәсіби қызметіне және жеке басымдылықтарына сәйкес, сонымен қатар ғылыми жетекшіге өзінің білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік қызметінің бейіміне негізделген диссертация тақырыбын таңдауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ магистрант диссертациялық жұмыстың әртүрлі аспектілері бойынша кеңес алу үшін қосымша уақыт алады.
Сабақ кешкі уақытта жүргізіледі:
Сабақ кестесі оқумен қатар, жұмыс жасау үшін де өте ыңғайлы болып құрылады.