Мұнай инженериясы
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Мұнай және газ инжинирингі саласындағы ғылыми, эксперименталды зерттеулер, педагогикалық қызмет бойынша ғылыми қызметкерлерді оқытатын инновациялық білім беру бағдарламасы. Түлекке PhD докторы академиялық дәрежесі беріледі.
Бағдарлама мұнай-газ саласында жаңа ғалымдар мен көшбасшыларды дайындайды. Зерттеулер көмірсутек ресурстарын тиімді бұрғылауға, өндіруге, дамытуға, тасымалдауға және басқаруға бағытталған.
Докторанттар 3D-геологиялық және гидродинамикалық модельдеу, күрделі жағдайларда мұнай және газ кен орындарын модельдеу, мұнай, мұнай және газконденсатты кен орындарын игеруді жобалау, сондай-ақ өндірілуі күрделі қорлар туралы білім алады. Білім беру Micromine, Petrel, Eclipse, Gocad, Surfer, Geosoft, Studio 3 сияқты заманауи компьютерлік бағдарламаларға негізделген.
Интеллектуалды кәсіпкерлікті дамытуға, экономиканың нақты секторы үшін қолданбалы жобаларды іске асыру және жобаларды коммерциялизациялауға баса назар аударылған.
Докторанттар шетелдік ғылыми кеңесшілердің басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысады. Докторантураның оқу жоспарында жетекші шетелдік университеттерінде міндетті түрде тағылымдамадан өту қарастырылған. Диссертацияны даярлау және қорғау отандық және шетелдік ғылыми жетекшілердің басшылығымен жүзеге асады.
Докторанттар Колорадо тау-кен мектебінде (АҚШ), Фрайе университетінде (Германия), Томск политехникалық университетінде (РФ), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде (РФ), Лоррен университетінде (Франция), Тау-кен техникасы мен технологиясы институтында (Қытай) ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Докторанттар «Шеврон», «ҚазМұнайГаз», «Роснефть», «Лукойл», Eni, CNPC, ExxonMobil, Total, Royal Dutch Shell, Maersk Oil сияқты отандық және шетелдік компанияларда тағылымдамадан өтуде және жұмысқа орналасуда. Түлектердің біраз бөлігі БАӘ-нен Солтүстік теңізге дейін халықаралық локацияларда тәжірибе алып, қызмет етуде.
Түлектер өндіру саласында және өндіруші компанияға сервистік қызмет көрсету, зерттеу және консалтинг салаларында, оқытушы ретінде, экономиканың сан алуан саласында зерттеу, жобалау және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық, жеке және басқа да ұйымдарда, ғылыми зерттеу орталықтарында, университеттерде ғылыми қызметкер ретінде еңбек етуде.
Көптеген жұмыс орындары кеңсе-далалық жұмыстарды үйлестіруді, ең заманауи компьютерлік бағдарламаларды пайдалануды және кен орындардағы жобаларды іске асыруды бақылау үшін үнемі іссапарда болуды қамтиды.Түлектер мұнайшы-инженер ретінде басқа саладағы инженерлермен салыстырғанда жоғары жалақы алуға үмітті.