Фармацевтика өндірісінің технологиясы
Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
B072 Фармацевтика өндірісінің технологиясы Биология - Химия
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Фармацевтикалық өндіріс орындарында, дәрілік заттарды өндірудің технологиялық процестерін ұйымдастыру және дәрілік заттардың айналысы саласындағы заңнама бойынша мамандарды даярлайтын бағдарлама.

Студенттер инженерлік-техникалық пәндерді, фитохимия және химия негіздерін, фармацевтикалық химияны, дәрілік заттар технологиясының биофармацевтикалық және биоинженерлік негіздерін, химиялық және технологиялық процестерді модельдеуді, дәрілік заттарды өндірудің технологиялық процесін ұйымдастыру және өнім сапасын бақылауды үйреніп шығады.

Студенттер заманауи өндірістік құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйренеді, науқастарды емдеуге, қалпына келтіруге және диагностикасына арналған препараттарды өндірудің жаңа технологияларын әзірлеуді, қолданыстағы формулаларды жетілдіруді және түбегейлі жаңа формулаларды жасауды біліп шығады.

Түлектер фармацевтикалық компанияларда, ірі-ірі фармацевтикалық кәсіпорындарда, өндіріс орындарында инженер фармацевт-технолог, техникалық маман болып жұмыс істейді.