Құю өндірісінің технологиясы
Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В069 Материалдар өндіру (әйнек, қағаз, пластик, ағаш) Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Металлургия және машина жасау, құю өндірісі саласында жұмыс істейтін қазақстандық кәсіпорындар үшін құю маманы мен технологтарын даярлайтын бағдарлама. Дайындық құю өндірісінің заманауи әдістеріне және соған байланысты технологияларға сәйкес жүргізіледі.

Студенттер инженерлік және компьютерлік графиканы, материалтану негіздерін, құю өндірісінің негіздерін, термиялық өңдеу және бетті шынықтыру негіздерін, материалдардың беріктігін, металлографияны, құрылымдық талдау және сапаны бақылау әдістерін, наноқұрылымдық материалдарды, диэлектрлік материалдарды, материалтану саласында компьютерлік модельдеу пәндерін оқып шығады.

Оқу бағдарламасы қара және түсті металдарды құю өндірісінің технологиясы, құйма бөлшектерін жобалау және өндіру, құю өндірісінің озық әдістері, құю өндірісінің жабдықтары мен машиналарын оқып-үйретуді қамтиды.

Студенттер бұйымдарды құюға арналған жабдықтар мен цехтарды жобалауды, өнімді термиялық өңдеудің режимін және басқа да түрлерін таңдауды, құйылған бұйымдардың қажетті сапалық талдауларын қолдануды, материалдар құйылғаннан кейін қайта өңдеу тәсілдерін үйренеді.

Құю өндірісінің технологтары сонымен қатар белгілі бір бұйым түріне арналған құю технологияларын таңдау немесе әзірлеу, бұйымдарды құюға қажетті материалдарды таңдау және дайындау арқылы құю процесін тұтастай бақылайды және түзетіп отырады.

Бағдарлама түлектері қара және түсті металлургия кәсіпорындарында, машина жасау өнеркәсібінде, зауыт зертханаларында және салалық институттарда жұмыс істейді. Атап айтқанда: ААМжЗ, «Қазақмыс», Қарағанды ​​металлургиялық комбинаты, «Қазцинк», «КазФерроСталь», «Қазхром», «Арселор Миттал Теміртау», «Қазақстан алюминийі», Семей құю-механикалық зауыты, Макинск құю-механикалық зауыты және т.б.