Ақпарат:

Бигалиев Батырғали Аққалиұлы

Бигалиев Батырғали Аққалиұлы

«АМӨЗ» ЖШС Корпоративтік қауіпсіздік басқармасының бастығы

calendar
Оқу жылдары: 1984-1991 жж.
cap
Мамандығы: "Гидрогеология және инженерлік геология"

80-ші жылдары Қазақ Политехникалық институты (ҚазПТИ) үлкен беделге ие болды және КСРО-дағы беделді жоғары оқу орындарының бірі болып саналды. Онда мұнай-газ саласы мен мемлекеттік экономиканың басқа салалары үшін жоғары білікті инженерлік кадрларды дайындады. Қазіргі кездегі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ сияқты. Сондықтан 1984 жылы Гурьев қаласындағы (қазіргі Атырау) орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақ Политехникалық институтына (ҚазПТИ) оқуға түсу үшін Алматыға аттандым.

Бұл институтты таңдаған кезде мақтаныш сезімінде болдым, мұнай-газ саласының қызметкері ретінде болашақта өзімді іске асырудағы келешегімді сезіндім, мемлекетіміздің дамуына үлес  қоса алатын мүмкіндігім бар екеніне қуандым. Сондықтан жаңадан ашылған «Гидрогеология» факультетінің «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандығын таңдадым.

Менің ойымша, осы мамандықты меңгеру маған Атырау облысының ауылшаруашылық жерлеріне арналған тұщы судың жетіспеушілігі мәселесін жан-жақты зерделеуге, кен орнында көмірсутегі шикізатын, топырақ пен артезиан алаптарын игеруге, өнеркәсіптік нысандарды салуға мүмкіндік берді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ —  қазіргі уақытта Сәтбаев университеті — посткеңестік кеңістіктегі техникалық университеттердің көшбасшысы.

Оқыту тек қана орыс тілінде жүргізілді, ол ауылдан келген және шетелден келген жеке студенттерге белгілі бір қиындықтар туғызды. Біздің тобымызда «РГ-84-1» қазақстандықтармен қатар әртүрлі одақтық республикалардың студенттері, Куба Республикасының жеті азаматы да оқыды.

Бірінші курсты бітіргеннен кейін, 1985 жылы ҚазПТИ-дің бірнеше студенті, соның ішінде мен де, Кеңес Армиясы қатарына шақырылдым. 1987 жылы демобилизациядан кейін, барлығымыз сол факультетіміздің 2-ші курсына  қайта қабылдандық.

Оқудың бастапқы кезеңінде де, кейінірек те бізге жоғары білікті оқытушылар сабақ берді. Оладың  ішінде түсіністік көрсетіп, шыдамдылық танытқан, студенттерге қажет болған жағдайда көмектескен, сонымен қатар жауапкершілікті арттырып, қатаң талап қоя білген оқытушыларды ерекше сезіммен еске түсіремін. Олар: Флора Шабдановна Мадина («Жоғары математика»), В.Д. Пономарева («Химия»), Р.А. Шаханова («Орыс тілі»), В.Д. Маленовская, Л.М. Гудочкин («Палеонтология»), Б.И. Русанова («Минералогия»), А.Қожназарова («Гидрогеология және инженерлік геология» кафедрасы).

4-ші және 5-ші курстарда әскери оқуды қалаған студенттермен бірге, соның ішінде мен де, мамандық  бойынша оқумен қатар Әскери кафедрада әскери білім алдық, кейін бізге «запастағы лейтенант» әскери шені берілді.

Оқу кезінде біз жиі тауға шығып, институттың зертханалық жағдайларында зерттеу үшін топырақ және су сынамаларын, тау жыныстарының үлгілерін іріктеп алатынбыз. Сонымен қатар бұл ретте студенттерге ежелгі фауна мен флорасы, әсіресе жер асты қабаттарының құрылысын зерттеуге негізделген «Өңірлік геология» пәні ұнайтын. Бұл оқытушылар өздерінің терең ғылыми танымдарымен студенттерге терең білім беріп, оқытып жатқан пәндеріне деген үлкен қызығушылық оятты.

Сондай-ақ жұмсартып айтқанда, бізге оқуға қиындық туғызған «философия», «петрография» пәндерін атауға болады. Біз курстастарымызбен қосымша әдебиеттерді алып А.С. Пушкин атындағы кітапхананың оқу залында оқитынбыз.

Университетте топтың комсоргі болдым, жиналыстарда, кездесуде академиялық үлгерімім, тәртіп және әлеуметтік қамсыздандырудың проблемалық аспектілерін қарастыратынбыз. Топтардың старосталарымен бірге (Мұқанов Ш., Әлиасқаров Г. және басқалар) түрлі мәдени-сауық іс-шаралар ұйымдастыратынбыз, соның ішінде театрларға, мұражайларға және «Медеу» сауықтыру кешеніне барып, жыл сайын өтетін «ҚазПТИ көктемі» музыкалық фестиваліне, сондай-ақ Алматыдағы басқа университеттердің қабырғасында өткізілетін өзіміздегіге ұқсас іс-шараларға қатысатынбыз. Бұл біздің ұйымдастырушылық қасиетіміз бен достық қарым-қатынасымызды дамытты.

Өздеріңіз білетіндей, сол жылдары мемлекет жастарды оқыту мен тәрбиелеуге, қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға үлкен көңіл бөлетін. Осылайша, кез-келген студент ұшақта жеңілдікпен ұшуға мүмкіндігі болатын (билетке ақы төлеу үшін 50% жеңілдік берілген), бос уақытында уақытша жұмысқа орналаса алатын.

1991 жылы институтты бітіргеннен кейін университеттің жолдамасы  бойынша гидрогеологиялық инженер ретінде Гурьев гидрогеологиялық экспедициясында жұмысқа қабылдандым. Қызметтік міндеттеріме сәйкес өнеркәсіптік құрылысқа арналған инженерлік-геологиялық түсіру жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттарды дайындаумен айналыстым, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы («ЗапКазнедра» АҚ)  Қазақ КСР Геология министрлігі Геология департаментінің бұрынғы комитетінің бөлімшелерінде есептерді қорғауды жүргіздім. Сонымен бірге менің қатысуыммен мұнай-газ компанияларының қажеттіліктері (ұңғымалардың қабаттық қысымын ұстау, терең мұнай ұңғымаларын бұрғылау), сондай-ақ өңірдегі агроөнеркәсіп кешені үшін жер асты суларының қорларын іздеу және есептеу жұмыстары жүргізілді.

1992 жылы жетекші инженер болып тағайындалдым, ал екі жылдан кейін, 1994 жылдың қаңтарында мен Гурьев гидрогеологиялық экспедицияның Ембі кенішіндегі гидрогеологиялық партияның бастығы болып тағайындалдым.

Одан әрі өмірімде  үлкен өзгерістер болды. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің органына қызметке шақырылдым, онда көп жылдар бойы басқарма бастығы (Атырау қаласы) болып жұмыс істедім. 2017 жылдың соңында  зейнеткерлік демалысқа шығып, запастағы ұлттық қауіпсіздік полковнигі дәрежесін алдым. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталдым, ведомстволық марапаттарым бар.

ҚазПТИ қабырғасында алынған геологиялық барлау және мұнай-газ салаларындағы білім маған өзімді дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Бірақ ең қызықтысы: сол жылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ге («АМӨЗ» ЖШС) Бас директордың кеңесшісі болып жұмысқа қабылдандым, содан кейін Корпоративтік қауіпсіздік басқармасының бастығы лауазымына тағайындалдым, ондағы бөлімнің міндеттерінің бірі кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігі болды.

Осылайша, ҚазПТИ-да геология және барлау, мұнай-газ салалары бойынша алған білімдерім, өзіме (бастапқыда жоспарланғандай ұзақ болмаса да) белгілі бір дәрежеде менің дамуыма, өзімді-өзім іс жүзінде жүзеге асыруыма және мансапқа оң әсерін тигізді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет кезінде.

Егер маған Политехта (ҚазҰТЗУ – Сәтбаев университеті) студенттердің алдында сөз сөйлеуім керек болса мен өзімнің өмірлік тәжірибеме сүйене отырып, институтта алған білімдерімді қалай пайдалану, өндірісте іс жүзінде қалай жұмыс жасауды үйренуге болатынын, кәсіби даму жолдары туралы, ұжымдағы қарым-қатынастарды қалай қалыптастыру керегін айтар едім.

Университет еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, үлкен ғылыми және практикалық әлеуетке, кәсіби профессорлық-оқытушылық құрамға ие. Мұның бәрі студенттерге заманауи техникалық білім берудің кепілі. Жалпыға бірдей енгізілген цифрлауды, қос дипломды білім беруді, студенттер мен оқытушылардың халықаралық алмасуын ескере отырып, Сәтбаев университетінің түлектері еңбек нарығында, оның ішінде шетелде сұранысқа ие деп айтуға болды.

Студенттердің  таңдаған мамандығына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, білім беру үрдісіне бейімделу кезеңінде (1-курста) мұқият болуды қажет етеді. Сонымен қатар, бірінші курс студенттері өз саласында кәсіпқой болу, өздерінің таңдаған мамандығын мақтан тұту, қоғамда лайықты орынға ие болу үшін және Отанға пайдасын тигізу үшін жаңа білім алуға және меңгеруге барлық күш-жігерін жұмсау керек.

14 ақпан 2020 7089
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту