Ақпарат:

Палташев Тимур Тұрсынұлы

Палташев Тимур Тұрсынұлы

Advanced Micro Devices корпорациясы Radeon Technologies Group бөлімінің жобалар жетекшісі

calendar
Оқу жылдары: 1973-1978 жж.
cap
Мамандығы: "Есептеу техникасы"

Республикалық физика-математикалық мектепті (1973 жылы) бітіргеннен кейін Мәскеу автомеханикалық институтына түсуге ниеттендім, бірақ медициналық комиссиядан өтпей қалдым. Содан кейін ҚазПТИ-ге құжат тапсырып, оқуға түсіп кеттім. Көзімнің нашар көруіне байланысты есептеу техникасы мамандығын таңдадым. Өйткені машина жасау мамандығы көп сызу жұмыстарын орындауды қажет етеді.

Сонымен электронды есептеуіш машиналар... Бұл сол кезде сәнді мамандық еді. Мен мектепте БЭСМ-3М-де бағдарламалауды оқығанмын, ЭЕМ операторына емтихан да тапсырғанмын.

Біз оқыған электртехника, азаматтық (транзиторлық) нұсқада да, әскери (лампалық – әскери кафедрада) нұсқада да өте қызық болды. Практикалық тапсырмалары көп ЭЕМ есептеу, теориясы мен жобалау да қызық болды. Маған «Сызу геометриясы мен сызу», «Машиналар мен механизмдер теориясы» сияқты пәндер ұнайтын. Өйткені мен металдармен жұмыс істеуді ұнатамын.

Институтта 3-курстан бастап СКБ-да (Студенттердің конструкторлық бюросы) есептеуіштер құру және ретке келтіру бойынша техникалық жұмыстар орындай бастадым. Кейін осы жұмысымды есептеу техникасы кафедрасы (Айтхожаева, Тынымбаев) және полковник Тесленко мен капитан Шейнкманның жетекшілігімен әскери кафедрада жалғастырдым.

Оқытушылардан Евгения Жамалханқызы Айтхожаеваны жылы сезіммен есіме аламын. Ол кісі кәсіпқойлық қасиетін бойыма сіңіруге және оқытушылық қызметтен кетіп қалмауыма көп күш жұмсады десем артық болмас. Есептеу техникасы кафедрасының профессорлары А.Ермаков, С. Тынымбаев және Ж. Джурунтаевпен әлі күнге дейін байланыс жасап тұрамыз.

Бұл белгілі бір тұлғалық қасиеттерді – жинақылық, сенімділік, өз қызметі бойынша терең білімді қажет етеді.

Алайда институттық өмір туралы ұмытылмас, жарқын естеліктерім – тыңды игерудегі және Шығыс Сібірдегі БАМ (Байкал-Амур магистралі) құрылысындағы құрылыс отрядтары, өндірістік практика.

ҚазПТИ-ді бітіргеннен кейін екі жыл еліміздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінде Отан алдындағы борышымды өтедім. Мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің Мәскеу округіндегі 26708 ә/б басқарма взводының командирі болдым. Менің бұл қызметке орналасуыма ҚазПТИ-де, әсіресе әскери кафедрада алған білімім көмектескені сөзсіз.

Бүгінде мен Advanced Micro Devices корпорациясының Radeon Technologies Group бөлімінде жоғары өнімді есептеулер мен машиналық интеллекті аспаптық қолдау жобаларының жетекшісімін. Бұл белгілі бір тұлғалық қасиеттерді – жинақылық, сенімділік, өз қызметі бойынша терең білімді қажет етеді.

Шындығы керек, кезінде мен жалқау болатынмын. Бірақ қазір жасым ұлғайған кезде өмірде жеткен жетістіктеріме қарап, соншалықты үмітсіз бос адам болмаған екенмін. Бұған ғылымға, техникаға деген туа біткен қабілеттерім көмектесті десем де болады. ҚазПТИ менің өсуіме себепкер болды.

«Өнерді үйрен, үйрен де жирен» демекші, студент/болашақ түлек өз ісінің кәсіби маманы болуы үшін өз жұмысының қыр-сырын біліп, үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруы және практикалық тәжірибе алуы керек.

4 қаңтар 2021 5410
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту