3 сәуір 2017 9784

ҚазҰТЗУ студенттері IX Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі орындармен оралды

  ҚазҰТЗУ студенттері IX Республикалық пәндік олимпиададан жүлделі орындармен оралды

Барлық техникалық жоғары оқу орындары арасындағы IX студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасынан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жүлделі орындармен оралды. 29-наурыз күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен «5B072100–Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша біздің студенттер Аязбаева Әйгерім, Смағзамов Азамат, Сырлыбай Аяжан, Рахатбекова Анар, Шахманов Темірлан жүлделі екінші орынмен, ал 30-наурыз күні М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Ұлттық Университетінде өткен «5B072000–Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша біздің студенттер Неверова Кристина, Ким Наталья жүлделі екінші орынмен оралды.

Сондай-ақ үлкен жұмыс атқарған, барлық топ мүшелері мен жетекшілерін тамаша жеңіске жетуімен құттықтап алғыс айтамыз.

Болашақта табыс тілейміз!

 

 

Ақпарат көзі: «Химиялық технологиялар» кафедрасы
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту