Ақпарат:

5 сәуір 2024 3913

Білім берудегі инновациялар: Сәтбаев Университеті дуальды білім беру шекарасын кеңейтуде

Білім берудегі инновациялар: Сәтбаев Университеті дуальды білім беру шекарасын кеңейтуде

Сәтбаев Университеті студенттерге өндірістік білім мен дағдыларын дамытудың бірегей мүмкіндіктерін ұсына отырып, білім беру мен өндірісті біріктіру әдісін одан әрі нығайтуда. Энергетика және машина жасау институтында дуальды оқыту әдісінің ауқымды бағдарламасы жүргізілуде – қазіргі уақытта институт 30-дан астам кәсіпорынмен ынтымақтасады, олардың базасында институт кафедраларының филиалдары ашылған.

Білім беру мен өндірісті біріктіру мақсатында 2022 жылдан бастап институт студенттерді өндірісте тікелей оқыту жөніндегі пилоттық жобаны қолға алды. Сынақ орны ретінде Алматы ауыр машина жасау зауыты мен Allur автомобиль зауыты таңдап алынды, мұнда JAC, Chevrolet, Kia, LADA, Jetour автокөліктері шығарылады.

Меморандумдар шеңберінде оқытушылар мен студенттерді өзара алмастыру ғана емес, сонымен қатар студенттердің нақты өндірістік процестерге толық қатысуы да қамтылады. Студенттер кәсіпорынға қызметкер ретінде тіркеліп, толықтай еңбекақы алады, бұл оларға өндіріс процесіне терең араласуға мүмкіндік береді. Сөйтсе де олар қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес теориялық сабақтарын да оқиды.

Студенттер өз дағдыларын дамытып қана қоймай, сонымен қатар өндірісті оңтайландыру бойынша өз идеяларын да ұсынады. Мысалы, Сәтбаев Университеті студенттерінің бірі Абылай Қожыкенов Қостанай Allur автомобиль зауытына ұсынған жобасы зауыттың автомобиль құрастыру желісін оңтайландыру аясында жүзеге асырылды. Диплом алғаннан кейін Абылай өзі тәжірибеден өткен өндіріс орнында жұмыс істеуге қалды.

– Қазір студенттер практикаға тек баға алу үшін ғана келмейді. Олар нақты ұсыныстар жасап, өз-өздерін дамытуға тырысады. Біз өз тарапымыздан оларға сондай мүмкіндік береміз. Сөйтіп зауыт білікті жас кадрларға ие болады, ал жігіттер мансаптарын табысты түрде құрып, саланы дамытады», – деп атап өтті Allur өкілдері.

Алматы ауыр машина жасау зауытында дуальды оқыту әдісін енгізу де дәл осындай сәтті шықты. Энергетика және машина жасау институтының үш білім беру бағдарламасы бойынша бір жыл ішінде зауытта 120 студент білім алды. Сабақты тәжірибелі өндіріс мамандары жүргізді, атап айтқанда, ААМЖЗ-ы сапа қызметінің басшысы, әрі бас механигі жүргізді.

Осы тәжірибенің қорытындысы бойынша келесі оқу жылынан бастап 4-курс студенттерінің барлығын тәжірибеден өту үшін өндіріс орындарына жіберу жоспарланып отыр.

Дуальды оқытуды ұйымдастырудың тағы бір әдісі – VR-технологияларын пайдалана отырып, зертханалық база құру әдісі болып табылады. Цифрлық зертхана жасанды шындық технологияларының көмегімен сценарийлерді модельдеуді қамтамасыз етеді. Студенттер виртуалды ортаға еніп, оқытушының нұсқауы бойынша технологиялық жабдықтың блоктарын қолмен орнату және құрастыру жұмыстарын орындайды. Сәтбаев Университетінің Энергетика және машина жасау институты бұл технологияны виртуалды шындық зертханасында қолданады. Аталмыш зертхана Porsche компаниясының қолдауымен ашылған болатын.

Практикаға бағытталған оқыту моделі бұл салада барған сайын танымал бола түсуде, өйткені біз кадрлармен бірге көптеген өндірістік мәселелерді шешеміз. Дуальды оқыту бағдарламаларын іске қосу нәтижесінде студенттер оқуды аяқтағаннан кейін белгілі бір тәжірибе мен білімді меңгеріп шығады, сонымен қатар өздері оқыған салаға араласа алады, әрі оларға бизнес үшін үлкен көмек болмақ.

Бұл инновациялық әдіс Сәтбаев Университетіне өз студенттерінің табысты мансап жолы үшін жағдай жасауға және Қазақстан өнеркәсібінің дамуына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту