Ақпарат:

1 қазан 2025 451

Сәтбаев университетінің Fintech командасы қаржылық сауаттылық саласындағы жасанды интеллектке негізделген AI-шешім ұсынды, сөйтіп Halyk Bank хакатонының жүлдегері атанды

Сәтбаев университетінің Fintech командасы қаржылық сауаттылық саласындағы жасанды интеллектке негізделген AI-шешім ұсынды, сөйтіп Halyk Bank хакатонының жүлдегері атанды

Сәтбаев университетінің студенттері Halyk OIY Student Hackathon 2025 байқауында жүлделі екінші орынды иеленіп, елдің үздік студенттік командаларының алдыңғы қатарынан көрінді. Хакатон қыркүйек айының соңында өтті, оған әртүрлі университеттерден келген талантты қатысушылар жиналды. Олар бір тәулік бойы Halyk Bank-тің нақты тапсырмаларының инновациялық шешімдерін әзірлеумен айналысты.

Сәтбаев университетінің Fintech командасы қаржылық сауаттылықты ерте жастан бастап үйретуге арналған жасанды интеллект негізіндегі жобасын ұсынды. Студенттердің әзірлеген өнімі – балаларға қаржылық мақсаттар қоюды, ақша жинауды және банк қызметтерін пайдалануды ойын түрінде үйрететін мобильді қосымша. Осы қосымша арқылы балалар Halyk Bank сервисін қолдана отырып, қаржыны басқаруға машықтанады, әрі банкпен бірге өсіп жетіледі.

Команданың үйлесімді жұмысының арқасында студенттерге шектеулі уақыт ішінде технологиялық тұрғыдан күрделі шешімді жүзеге асыру мүмкін болды. Бұл Сәтбаев университеті шын мәнінде бизнес пен қоғам үшін қажетті құндылығы бар жобалар жасай алатын мамандарды даярлайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Біз осы хакатонға қатысып, өз жобамызды ұсынғанымызға өте қуаныштымыз. Өзіміздің қабілетімізді көрсетуге және баға жетпес тәжірибе алуға мүмкіндік бергені үшін Halyk Bank-ке алғыс білдіреміз», – деп Fintech командасының мүшесі Елдана Әбілмәжинова өз әсерімен бөлісті.

Halyk OIY Student Hackathon байқауы студенттер үшін өз білімдерін қарқынды челлендж жағдайында сынауға, кәсіби байланыстарын кеңейтуге және болашақ зерттеулер мен әзірлемелерге шабыт алуға мүмкіндік берген алаңға айналды. Сәтбаев университеті үшін бұл жеңіс студенттердің IT және қаржылық технологиялар саласындағы жоғары дайындықтарының, сондай-ақ университеттің инженерлер мен жаңашыл жастардың жаңа буынын қалыптастыруға деген ұмтылысының тағы бір айғағы болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту