Ақпарат:

16 сәуір 2024 2908

Ғылымды тиімді ету жолдары: Сәтбаев Университетінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң талқыланды

Ғылымды тиімді ету жолдары: Сәтбаев Университетінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң талқыланды

ҚР Парламенті Мәжілісінің басшылық етуімен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау шеңберінде «Ғылым саласын жетілдіру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті, ал оның бастамашысы болған ҚР Парламенті Әлеуметтік және мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов аталмыш жиынға төрағалық етті. Дөңгелек үстелге сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев қатысты.

Дөңгелек үстелде осыған дейін қабылданған заңдар, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру, оның ішінде бюджеттік кодекске және мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізу бойынша талқыланып жатқан ұсыныстар мен бастамалар талқыланды. Сонымен қатар ғылыми қызмет пен технологиялық прогрестің әртүрлі аспектілеріне қатысты негізгі мәселелер талқыланды.

Қатысушылар ғылыми саланың дамуына әсер ететін бірқатар негізгі аспектілерді талқылады. Ғылыми гранттарды қаржыландыру, қалыптастыру және бөлу, ғылыми атақтарға қосымша үстемақы беру, сондай-ақ ғылымды қаржыландырудағы әкімдіктердің рөлі жөніндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар ғылыми этиканың маңыздылығы мен оны реттеу қажеттілігі, ғылыми жетекшілерге үлкен еркіндік берудің маңыздылығы да талқыланды.

Дөңгелек үстелде Ғылым академиясының рөлі және ғылыми салада бизнеспен ынтымақтастық мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Талқылау барысында қатысушылар Қазақстан ғылымын одан әрі дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық саясатты жетілдіру бойынша сұрақтар қойып, өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді.

Дөңгелек үстел соңында Асхат Аймағамбетов жұмыс мұнымен бітпейтінін атап өтті, өйткені бұл ғылыми заңнамалық бастама ғалымдардың тиімді жұмыс істеуі үшін барынша жағдай жасауға бағытталған. Сондықтан да барлық пікірлер мен ұсыныстарды есепке алу қажеттігін баса айтты:

– Бұл заң бүгінгі көтерілген мәселелерді шешкені біз үшін өте маңызды», – деді Асхат Аймағамбетов өз сөзінде. – Бұл мемлекеттік сатып алулар, қаржыландыру мәселелері және бюрократиялық басқа да процедуралар. Міне, осы мәселелер бойынша біз сіздермен жұмысты әрі қарай жалғастырамыз.

Іс-шара аясында «Ғылыми жетістіктер мен ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары» атты көрме ұйымдастырылып, онда Сәтбаев Университетінің өндіріске енгізуге дайын тұрған инновациялық әзірлемелері мен жобалары ұсынылды. Қонақтар сондай-ақ Porsche виртуалды шындық орталығында болып, университеттің жаңа оқу кабинеттері мен зертханаларын аралады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды дамыту және коммерцияландыру бойынша негізгі міндеттер, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. 2023 жылы ғылымды дамытуға жәрдемдесетін және елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, ғылыми жетістіктердің нәтижелерін өндіріске енгізудің мемлекеттік саясатын тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды қайтадан жаңартуға дайындық жұмыстары басталған болатын.

Ғылыми-техникалық саясатты талқылау шарасын Сәтбаев Университетінде өткізу Қазақстанның инновациялық секторын дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады және еліміздің ғылым мен технологияны үздіксіз жетілдіріп отыруға деген ұмтылысын көрсетеді.

Ғылымды тиімді ету жолдары: Сәтбаев Университетінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң талқыланды

Ғылымды тиімді ету жолдары: Сәтбаев Университетінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң талқыланды

Ғылымды тиімді ету жолдары: Сәтбаев Университетінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң талқыланды

Ғылымды тиімді ету жолдары: Сәтбаев Университетінде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң талқыланды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту