Ақпарат:

22 қараша 2024 2063

Инновациялық мұралар: академик В. Лугановқа арналған халықаралық конференция өтті

Инновациялық мұралар: академик В. Лугановқа арналған халықаралық конференция өтті

Бүгін Сәтбаев университетінде көрнекті ғалым, профессор, академик Владимир Лугановтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Тұрақты даму және тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі кешенді, ресурс үнемдейтін және энергияны қажет ететін заманауи технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Академик В. Луганов – бар саналы ғұмырын қазақстандық ғылым мен металлургия өнеркәсібін дамытуға арнаған ғалым.

Конференцияға АҚШ, Австралия, Ресей, Болгария, Марокко, Польша және Малайзия секілді 10-нан астам елдің өкілдері қатысты. Қатысушылар арасында Колорадо тау-кен мектебі сияқты әлемдік жетекші университеттердің өкілдері мен Владимир Лугановтың американдық шәкірті, АҚШ Металлургиялық қоғамының президенті Бараджендра Мишра, сондай-ақ металлургия саласы бойынша басқа да әлемдік жетекші сарапшылар бар.

Инновациялық мұралар: академик В. Лугановқа арналған халықаралық конференция өтті

– Конференция баяндамаларының басым бөлігі металдарды өндіру мәселелеріне арналды, өйткені ол – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де аса маңызды стратегиялық мәселе», – деді конференцияны ұйымдастырушы Татьяна Чепуштанова. – Мыс өндірудің инновациялық технологиялары, алюминий мен кремний өндіру, қорғасын рудаларын қайта өңдеу, металлургиялық процестерді автоматтандыру және цифрландыру мәселелері, цифрлық егіздер мәселелері, сирек металдарды өндіру технологиялары – осының бәрі тұрақты даму мақсаттары тұрғысынан қарастырылды.

Владимир Луганов – Қазақстанның ғылымында ғана емес, сульфидті күйдіру технологиялары мен перитті концентраттарды өңдеу технологиялары авторларының бірі ретінде бүкіләлемдік ғылыми қауымдастыққа кеңінен танымал ғалым. Өзінің ашқан ғылыми жаңалығын ол Орта Орал мыс балқыту зауытында жүзеге асырды, онда мыс концентраттарын күйдіру технологиясы іске қосылып, осы процесс арқылы алынған мышьякты ыңғайлы пішінде кәдеге жаратуға және алынған мыстың сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік туды. Ал бүгінгі күні Лугановтың ғылыми еңбектері металлургия саласының болашағын қалыптастыруда.

Владимир Луганов 60 жыл бойы Сәтбаев университетінде оқытушылықпен айналысып, оқу орнының игілігіне қызмет етті. Оның басшылығымен алғаш рет Колорадо тау-кен мектебімен (АҚШ) бірлесіп, университет қабырғасында металлургия мамандығы бойынша Қазақстанда алғашқы PhD докторантурасы ашылды.

Оның жетекшілігімен құрылған «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасында «Металлургиялық процестер теориялары» атты ашылған ғылыми мектеп көп жылдар бойы университеттегі металлургтердің бірнеше ұрпағын даярлауда білім ошағы болды. Ғалымның ұзақ жылдар бойы жинақталып, университетке сыйға тартылған ғылыми кітаптары мен жеке кітапханасы металлургия саласы бойынша елімізде үздік техникалық кадрларды даярлауға негіз болды.

Инновациялық мұралар: академик В. Лугановқа арналған халықаралық конференция өтті

Конференция аясында Владимир Лугановқа арналған мемориалдық тақта мен «Өндіруші металлургияны тұрақты дамыту зертханасы» атты атаулы зертханасының ашылу салтанаты өтіп, оған ғалымның отбасы қатысты. Профессордың қызы Татьяна Луганова өз сөзінде университет әкесінің ісін жалғастырып отырғанына өте қуанышты екенін атап өтті:

– Баяндамалар тақырыбы металлургия саласына қатысты көптеген мәселелерді кеңінен қамтиды, – деді ол, – атап айтқанда, үнемді өндіріс технологияларынан бастап, шикізатты соңғы кешенді өңдеуге дейінгі мәселелермен Владимир Алексеевич өмір бойы айналысты. Бұл өте өзекті тақырып, өйткені қазір әлемде құрамында мышьяк бар кен орындары өте көп кездеседі. Оны кәдеге жаратып, табиғатты ластамайтындай етіп қайта өңдеу мәселесі – оның ғылыми еңбегіндегі өте маңызды тақырып болды. Қазір енді осы бағытта жас ғалымдар да жұмыс істеп жүргеніне қуаныштымын.

Зертхананы жөндеуге «Қазмырыш» компаниясы демеушілік жасады, компания қызметкерлерінің басым көпшілігі – Сәтбаев университетінің түлектері, олар Қазақстанның металлургия өнеркәсібі үшін жас мамандарды даярлаудың маңыздылығын терең түсінеді. Зертхана ел Президентінің тапсырмасын орындау аясында Сәтбаев университетінде құрылған технопарктер жүйесінің тағы бір буынына айналды.

Конференция Владимир Луганов есімін есте сақтау үшін ғана емес, сондай-ақ металлургиядағы инновациялық шешімдерді талқылау үшін де алаңға айналды, сөйтіп тұрақты болашақ үшін технологияларды дамытуды жалғастыруға дайын ғылыми қауымдастықты, жас ғалымдар мен студенттерді біріктіре түсті. Сонымен қатар Владимир Луганов сияқты көрнекті ғалымдардың мұрасы зерттеушілердің жаңа буынын қазіргі заманғы мәселелерді шешуге және металлургияның экологиялық жауапты дамуына шабыт беретінін көрсетті.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту