Қатардағы менеджерден – басшылыққа қадам жасаңыз
Сәтбаев университетінің магистратурасына жаңа білім алуға кім келеді?
Әрине, өз келешегін ойлайтын өршіл жандар келеді. Арсен Арсланбаев, «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистратура түлегі, қызметінде бастыққа бағынышты болып жүргенін түсінген кезде осы магистратураға түсу туралы шешім қабылдапты.
«Басқармашылық қызметке орналасу үшін менің бұрынғы алған білімім азшылық етті. Сондықтан да мен Сәтбаев университетіне магистратураға түсуді ұйғардым. Бұған бірнеше себептер болды. Біріншіден, мұнда халықаралық тәжірибе негізінде кешенді түрде білім алуға болады. Әлемдік нарықта жоғары бағаланатын қос дипломдық білімнің де, әрі басқарушылық дағдысына үйренгеннің де пайдасы зор болды. Оның үстіне еліміздегі ең ежелгі техникалық оқу орнында оқу жүйесі мен ақы төлеу жүйесі өте ыңғайлы», – деп «Жобаларды басқару» мамандығы бойынша магистр өз ойымен бөлісті.
Сәтбаев университетінде магистратурада оқудың артықшылықтары:
- Жоғары білікті профессорлы-оқытушылар құрамы;
- Өндіріс орындары мен бизнестен келген оқытушы-практиктер пайызы өте жоғары;
- Ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы өте қуатты;
- Ағылшын тілін тереңдете оқытады;
- Халықаралық тағылымдама және алмасу бағдарламалары;
- Дүние жүзі бойынша 97 жетекші шетелдік университеттерде білім алу мүмкіндігі;
- «Қос дипломды білім» бағдарламасына орай жоғары бәсекелестікке қабілеттілік.
Сәтбаев университетінің магистратурасында ағылшын тілін тереңдете оқытуға баса назар аударылады. Түлектер шетелдік жоғары оқу орындарының тілдік орталықтарында, мысалы, Черчилль колледжінде (Кембридж, Англия) білім алған тәжірибелі мамандардың көмегі арқасында өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алады.
Сонымен, өзіңізді жеке оқытатын білім бағдарламасын таңдап алыңыз – сонда сіз академиялық және өндірістік бағытты бірге қамтитын тамаша кәсіби мектептен өтетін боласыз. Ал ғылыми-педагогикалық бағдарламаларға мемлекет тарапынан жыл сайын грант бөлінетінін айта кету керек.
Педагогикалық бағыттағы магистратура үшін Сәтбаев университеті докторантураның заманауи бағдарламаларын ашуда. Ол бағдарламалар келешектің инновациялық технологияларын дайындаумен айналысатын ғалымдарды оқытып шығарады.
Бағдарламалар практикаға бағытталған білім беру базасына негізделіп жасалған және болашақ ғалымдарға мансап бойынша жоғарылауға, әрі шетелде білім алуға жаңа кең мүмкіндіктер береді. Оқу барысында ғылым мен техника саласындағы жетекші кәсіби мамандардың басшылығымен университеттің ғылыми жобаларына қатысу көзделіп отыр.
Докторантура бағдарламасының тағы бір ерекшелігі – мұнда екі ғылыми жетекші болады, оның бірі шетелдік университеттен беріледі. Университеттің жан-жақты халықаралық байланыстарына орай студенттер шетелдік жоғары оқу орындары мен зерттеу орталықтарына оқуға баруға мүмкіндік алады.
Сәтбаев университетінің қабылдау комиссиясы 2019–2020 оқу жылына магистратура мен докторантураға гранттық негізде қабылдау жоспарын бекітті. ҚР БжҒМ-нің магистратура мен докторантураға бөлген гранттардың нақты саны 2019 жылы шілде айында белгілі болады.
2019-2020 оқу жылында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін гранттар туралы ақпараттарды жүктеу