Қазақстандықтар Қарсыластар қозғалысы қатарында: Сәтбаев университетінің профессоры Гүлнар Меңдіқұлова Францияда жерленіп, ұмыт қалған қазақстандық батырлардың есімдерін жаңғыртты

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жаңа қазақ жауынгерлерінің есімдері анықталды. Қазақстан Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Сәтбаев университеті басшылығының қолдауымен жүргізілген ғылыми экспедиция аясында профессор Гүлнар Меңдіқұлова ауқымды мұрағаттық зерттеулер жасады, соның нәтижесінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропада болған Қарсыластар қозғалысына қандастарымыздың да қатысқанын растайтын жаңа қорымдар мен құжаттар табылды.
Сапар барысында профессор Меңдіқұлова Францияның түкпір-түкпірінде орналасқан ондаған мұрағаттарды, зираттар мен бұрынғы әскери тұтқындар лагерьлерін дипломаттармен бірге аралады. Ол нацизмге қарсы күрескен қазақстандықтар туралы, олардың ерліктерін айғақтайтын тамаша деректер жинады. Оның ішінде Нормандияда тұтқында қаза тапқан ақтөбелік Би-Мұхаммед Құрмантаев пен атыраулық Сахиб Төлеков бар. Ол Лотарингиядағы немесе Бан-Сан-Жан атауымен белгілі болған Шталаг XII-F лагеріндегі бауырластар зиратына жерленген. Бұл лагерьде соғыс жылдарында сержант Франсуа Миттеран, Франция Республикасының болашақ президенті тұтқында отырды. Неміс деректеріне сәйкес, тек бір ғана осы лагерьде 25 мыңнан астам кеңес жауынгері жерленген, олардың арасында қазақстандықтар да бар.
Франция Қорғаныс министрлігі мұрағатынан алынған архивтік құжаттар нағыз ғылыми сенсация болды, ол құжаттар жеті қазақстандық азаматтардан құралған топтың Францияның Қарсыластар қозғалысы қатарында болғанын дәлелдейді. Олардың ішінде – оралдық Борис Назаров бар, ол «Еркін Франция» медалімен және генерал де Голль қол қойған дипломмен марапатталған; Малжан Назаров, ол француз макизарларына қашып, солардың қатарында ерлікпен соғыса жүріп, кейін тұтқынға түскен, оның ерлігі марапаттау құжаттарында атап өтілген. Семейлік Петр Стаценко, алматылықтар Иван Проценко, Владимир Рогожин, Серафим Самойлов және петропавлдық Дмитрий Степанов болды.
Қазақстанның Париждегі Елшілігі ұйымдастырған «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста: Францияда ашылған жаңалықтар» атты дөңгелек үстелде профессор Гүлнар Малбағарқызы француз әріптестерін өз жұмысының нәтижелерімен таныстыра отырып, былай деді: «Қазақстандық жауынгерлердің Қарсыластар қозғалысы қатарында шайқасқаны – біздің отандастарымыздың Франция жерінде фашизмге қарсы күрескенінің бұлтартпас айғағы болып табылады. Мұндай зерттеулік деректер ортақ Жеңіске Қазақстанның қосқан үлесін әділ түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді».
Гүлнар Меңдіқұлова қазақстандықтардың Францияның Қарсыластар қозғалысына қатысқаны туралы тақырыпқа көптен бері жазып келеді. Қадем Жұманиязов, Ахмет Бектаев, Зунум Жаманқұлов және басқа да қазақстандық батырлардың әңгімелері туралы оның «Қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыста. Жаңа мұрағаттық деректер» атты 2 томдық еңбегінде жарияланып, ол Сәтбаев университеті баспасынан жарық көрді.
Естелік – тек өткен тарих қана емес, ол болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Соғыс жылдарында жүздеген мың қазақстандықтар майданға аттанды, дегенмен олардың көбісінің тағдыры әлі күнге дейін беймәлім. Болжам бойынша 600 мыңға жуық сарбаз із-түссіз жоғалып, хабарсыз кетті деген дерек бар. Осы экспедиция сияқты зерттеу жұмыстары естелік дүниелерді қалпына келтіріп, әділеттілік орнатуға, сөйтіп отандастарымыздың тағдырларының үзілген жерін жалғауға көмектеседі. Ал бауырластар зиратының тыныштығын: «Ешкім де ұмытылмайды!» деген бір ғана дыбыс бұзатын секілді.
Бұл жаңалық – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан халқына арнаған ортақ сыйымыз!