Ақпарат:

28 қыркүйек 2023 2733

Сәтбаев Университеті Көліктік инженерия және логистика мектебін ашуда

Сәтбаев Университеті Көліктік инженерия және логистика мектебін ашуда

Сәтбаев Университетінде М.Тынышпаев атындағы Көліктік инженерия және логистика мектебінің ашылу салтанаты болды. Бұл – оқытушылардың бай әрі мол тәжірибесін, сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистика саласына арналған ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы Сәтбаев Университеті ғалымдарының жетістіктерін біріктіретін жоғары оқу орны.

«Көлік» және «Логистика» білім беру бағдарламалары бойынша инженерлер даярлайтын жаңа мектепке қазақтың тұңғыш теміржол инженері, қоғам қайраткері, Түркістан автономиясының премьер-министрі, Түркістан-Сібір магистралін жобалау және құрылыс жұмыстарына белсенді қатысушы М.Тынышпаевтың есімі берілді.

Мамандарды даярлау ісінің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін Сәтбаев Университеті Сиань теміржол кәсіптік институтымен (ҚХР) ынтымақтастық туралы келісімге отырды, Силезия технологиялық университетімен (Польша) бірлесіп, «Көлік технологиялары» мамандығы бойынша магистратураның екі дипломдық білім беру бағдарламасын ашты, сонымен қатар Темір жол көлігі институтымен (Рига, Латвия) консорциум құрылды. Автомобиль және теміржол көлігі саласы үшін инженерлерді даярлауға арналған білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша халықаралық және отандық агенттіктермен сертификатталған: атап айтқанда, ASIIN (Германия), НКАОКО және НААР.

Сәтбаев Университеті Көліктік инженерия және логистика мектебін ашуда

— Көлік-логистика саласы қарқынды дамып келе жатқан елдердің университеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау мамандарды жоғары сапалы даярлауды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанға жаңа технологиялар әкелуді де қамтамасыз етеді», – деді М.Тынышпаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебінің директоры Сейдулла Абдуллаев.

Мектептің ашылу салтанатына еліміздің көлік және логистика саласының өкілдері, сондай-ақ Мұхамеджан Тынышпаевтың ұлы Давлет Шейх-Али мен немересі Жүнісова Нұршакен апа қатысты.

Мемлекет басшысы Қ.-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі ұстанымды нығайту – еліміздің стратегиялық міндеті екенін атап өтті. Елбасы алдағы үш жылда ішкі жалпы өнім құрамындағы көлік-логистика секторының үлесін 9 пайызға жеткізу міндетін қойып отыр. Осыған орай М.Тынышпаев атындағы Көліктік инженерия және логистика мектебінің ашылуы Қазақстанның көлік-логистика саласы үшін кадрлық потенциал мен ғылыми зерттеулерді дамытуға барынша ықпал етеді.

Сәтбаев Университеті Көліктік инженерия және логистика мектебін ашуда

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту