Ақпарат:

3 наурыз 2025 123

Сәтбаев университеті мен Лотарингия университеті мұнай геологиясы бойынша қос дипломдық бағдарламаны іске қосуда

Сәтбаев университеті мен Лотарингия университеті мұнай геологиясы бойынша қос дипломдық бағдарламаны іске қосуда

Сәтбаев университеті Лотарингия университетімен (Франция) «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша қос дипломдық бағдарламаны іске қосу туралы келісімге қол қойып, сол арқылы магистранттардың мүмкіндіктерін кеңейтуде.

Лотарингия университеті – Францияның жетекші университеттерінің бірі, оның ғылыми дәстүрі мықты қалыптасқан, ал академиялық беделі өте жоғары. Бағдарламаның бас қатысушысы – Ұлттық жоғары геология мектебі (ENSG), сарапшылар оны геология ғылымдары саласы бойынша Франциядағы ең үздік оқу орындарының бірі ретінде таниды.

Жаңа бағдарлама Сәтбаев университетінің магистранттарына Қазақстанда да, Францияда да білім алуға, сөйтіп бірден екі университеттің дипломын алып шығуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық қарым-қатынастың маңызды бөлігі – Сәтбаев университетіндегі оқу үдерісіне француздық профессорлар мен ENSG сарапшыларының қатысуы болмақ, бұл студенттерге мұнай және газ геологиясы саласында озық білім алып, халықаралық тәжірибеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сәтбаев университеті мен Лотарингия университеті арасында бұрыннан келе жатқан серіктестік байланыс бар, ал осы келісімге қол қою – академиялық ұтқырлықты дамыту, өзара ғылыми алмасу және мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауда маңызды қадам болып табылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту