Ақпарат:

4 қаңтар 2024 4634

Сәтбаев Университеті «Жас Сәтбаев ІІІ» интеллектуалды ойынына қатысуға мектеп оқушыларын шақырады

Сәтбаев Университеті «Жас Сәтбаев ІІІ» интеллектуалды ойынына қатысуға мектеп оқушыларын шақырады

Сіз техникалық университетте білім алып, инженер болғыңыз келе ме? Сәтбаев Университеті ұйымдастырған «Жас Сәтбаев III» интеллектуалды ойынына қатысып, бағыңызды сынап көріңіз.

Сәтбаев Университеті өз білімін, ой-өрісінің икемділігін, ойлау жылдамдығы және үздік интеллектуалдық қасиеттерін көрсете алатын жас таланттарды іздейді.

Ойынға Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен 11 және 12 сынып оқушылары қатыса алады. Ең басты жүлде – тегін білім алуға арналған грант.

Маңызды күндер:

  • 20.12.2023 – 26.02.2024 жж. – ойынның 1-ші және 2-кезеңі (онлайн) өтеді;
  • 27.02.2024 – 29.02.2024 жж. – ойын нәтижелерін шығару, жеңімпаздарды жариялау;
  • 26.03.2024 ж. – ойынның 3-кезеңі (Сәтбаев Университетінде оффлайн) өтеді (финалға 10 адам қатысады).

Ойынның бағыты: техникалық пәндер (математика, физика, химия).

Ойын өтетін тілдер: қазақ, орыс.

Ең басты жүлде – Satbayev University бакалавриатында шәкіртақысыз, тегін оқу үшін берілетін университет гранты. Егер де талапкер Сәтбаев Университетіне мемлекеттік грант бойынша түскен жағдайда оған қосымша шәкіртақы төленеді. Ал екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Satbayev University, Д.Қ. Сүлеев атындағы Ғылым және шығармашылық орталығы (Тау-кен металлургия корпусы).

Анықтама телефоны: +7 707 200 0012, +7 701 166 09 68.

Е-mail: smu@satbayev.university

Тіркелу және ойын кезеңдерінен өту

 

Ойын форматы:

Бірінші кезең техникалық бағыттағы 60 сұрақтан тұрады (физика, математика, химия), әрбір блокта 20 сұрақ. Алдыңғы сұрақтың жауабы дұрыс болған кезде әрбір келесі сұрақ ашылып отырады. Максималды балл – 60. Шектік балл (2-кезең үшін) – 30. Орындау уақыты – 90 минут. Шектік балл санына жеткен кезде 2-кезеңге жол ашылады (сол сайтта, 1-кезең аяқталғаннан кейін бірден ашылады).

Екінші кезең 60 күрделі сұрақтан тұрады (физика, математика, химия), әрбір блокта 20 сұрақ. Алдыңғы сұрақтың жауабы дұрыс болған кезде әрбір келесі сұрақ ашылып отырады. Орындау уақыты – 120 минут. Осы екі кезең аяқталғаннан кейін ең жақсы нәтиже көрсеткен 10 қатысушы іріктеліп, Сәтбаев Университетінде өтетін ойын финалына жеке қатысуға шақырылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту