Ақпарат:

22 қыркүйек 2023 3288

Сәтбаев Университетінде Porsche компаниясының қолдауымен виртуальды шындық зертханасы ашылды

Сәтбаев Университетінде Porsche компаниясының қолдауымен виртуальды шындық зертханасы ашылды

22 қыркүйекте Сәтбаев Университетінде (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) студенттерге виртуальды шындық жүйелерін пайдалана отырып, жоғары технологияларды ашық түрде зерттеуге мүмкіндік беретін VR-зертханасы салтанатты түрде ашылды. Бұл жоба Сәтбаев Университеті мен Porsche автокөлігін Қазақстанда ресми түрде импорттаушы компания арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас аясында жүзеге асырылды. Неміс автокөлігін өндіруші компанияның өкілдері білім мен мәдениетке қолдау көрсету – Porsche компаниясының ежелден келе жатқан дәстүрі екенін атап өтті.

Автокөлік бренді мамандарының қолдауымен жабдықталған виртуалды шындық зертханасы Porsche оқу орталығы (Porsche Learning Centre) деп аталды. Мұнда «Көлік инженериясы» білім беру бағдарламасының студенттері қазіргі заманғы машина жасау технологияларының практикалық аспектілерін үйренуде. Енді студенттер виртуальды шындық көзілдірігін киіп, ал Porsche автокөлігін үлгі ретінде пайдалана отырып, автокөлік жасау ісінің барлық процесін – құрастыру мен сынақтан өткізуден бастап, көліктің кез келген үлгісін жинауға дейін үйрене алады. Оқыту процесі дәл сол VR-зертханасының көмегімен тікелей аудиторияда өтеді: виртуальды шындық көзілдірігін киіп, студенттер жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету және оларды жөндеуді үйренеді. Осылайша виртуальды шындық технологиялары әрбір студентке әсіресе 3D-нысандарымен өзара тікелей әрекеттесе отырып, оқу процесіне ең шынайы жағдайларда толықтай енуге мүмкіндік береді: мысалы, жиналған қозғалтқыштың немесе беріліс қорабының ішіне қарауға, барлық бөлшектерді жақыннан жан-жағынан мұқият зерттеуге, сөйтіп автомобильдің барлық негізгі бөлшектерінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін түсінуге болады.

Сәтбаев Университетінде Porsche компаниясының қолдауымен виртуальды шындық зертханасы ашылды

Зертхананың ашылу салтанатында Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев автоөндірушімен ынтымақтастық аясында университет тиімді техникалық тәжірибе үшін де, студенттердің жоғары технология әлеміне шынайы түрде «енуі» үшін де құнды мүмкіндіктерге ие болатынын атап өтті.

– Өткен жылы Сәтбаев Университетінің оқытушыларымен бірлесе отырып, біз электромобильдер мен іштен жанатын қозғалтқыштары бар автокөліктерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша цифрлық зертхана әзірлеп, оны оқу үдерісіне енгіздік. Қазақстанда Porsch-ніe ресми импорттаушы өз кезегінде бұл идеяны қолдап, университетке VR-зертханасындағы оқу процесін бейнероликтерге түсіру үшін өз алаңы мен мамандарын ұсынған болатын. Қазіргі таңда Сәтбаев Университетінің қабырғасында осы заманауи технологиялар бойынша 110-нан астам студент білім алды. Сонымен қатар виртуальды шындық технологияларын пайдалана отырып, біз колледж бен университет студенттері арасында олимпиада өткіздік. Үстіміздегі оқу жылында цифрлық VR-зертханасын қолдана отырып, тағы да 80-ге жуық студентті оқыту жоспарлануда, – деді Мейрам Бегентаев.

Университетте виртуальды шындықты пайдалана отырып, техникалық білімді меңгерудің артықшылықтары туралы айтылды. Оқытушылардың айтуынша, Porsche компаниясымен ынтымақтастық аясында университет неміс компаниясымен тұрақты түрде бірлескен семинарлар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге мүмкіндік алды. Мұндай оқу форматы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының құндылығын айтарлықтай арттырады, сондай-ақ жастар арасында теориялық білімді практика жүзінде қолдануға тұрақты қызығушылық тудырады.

Сәтбаев Университетінде Porsche компаниясының қолдауымен виртуальды шындық зертханасы ашылды

Porsche көлігін Қазақстан Республикасында ресми түрде импорттаушы компанияның директоры Гаухар Ғабдрахимова өз кезегінде импорттаушы компания автоорталық шеберханаларында оқу процесінің бейнероликтерін түсіру үшін алдағы уақытта да барлық мүмкіндіктерді жасайтынын атап өтті. Оның айтуынша, университеттің VR-зертханасындағы оқу материалдарының базасы үнемі жаңартылып отыруы үшін және студенттердің білімі әлемдік автомобиль өнеркәсібіндегі ең озық тәжірибелерге сәйкес болуы үшін жаңа 3D-бейнероликтер өте қажет. Ақпаратты үнемі жаңартып отырудың арқасында қазақстандық студенттер енді мұрағаттық материалдармен емес, әлемдік автомобиль өнеркәсібінің ең соңғы және ең заманауи технологиялық жетістіктері негізінде білім ала отырып, ең өзекті инновациялық жаңалықтардан хабардар болып отырады.

— Компания қазақстандық студенттерді техникалық мамандықтар бойынша даярлауды жақсарту ісіне өз үлесін қосуға қуанышты. Инновацияларды қолдау, қоғамда заманауи білімге деген құштарлықты дамыту, ғылыми және зерттеу қызметін ынталандыру – Porsche компаниясының бұрыннан келе жатқан қағидасы. «Porsche-Қазақстан» қашан да дарынды жастарды қолдайды және білім беруге инновациялық технологияларды енгізуді ынталандырады. Компания мұны жастар меңгеретін білімнің сапасы мен практикалық құндылығын арттыру үшін жасайды. Сондай-ақ біздің кәсіпорындарда тағылымдамадан өту және үздік нәтиже көрсеткен мамандарды одан әрі жұмысқа орналастыруға көмектесу де өте маңызды. Сәтбаев Университеті секілді тамаша тарихы мен терең академиялық дәстүрі бар осындай беделді қазақстандық университеттің мамандар даярлау базасын жақсартуға көмектесуге қуаныштымыз. Қазақстанның технологиялық тұрғыдан дамуы үшін, біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық қарым-қатынасқа дайынбыз, – деді Porsche-ні Қазақстанда ресми импорттаушы компанияның директоры Гауһар Ғабдрахимова.

Бір қызығы, компания ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың белгісі ретінде университеттің басты кіре беріс жеріне Porsche Taycan спорттық электр көлігінің шынайы өлшемдегі үлгісін орналастырып қойды. Гауһар Ғабдрахимованың айтуынша, бұл университеттің әйгілі әлемдік автомобиль брендімен ынтымақтастық қарым-қатынасы символдарының бірі, әрі университет студенттері үшін қосымша шабыт болады. «Өмір – бұл жол, ал жол бізді ең биік армандарымызға апаруы керек. Сондықтан да Porsche-нің ұраны «Армандарға жетелеген» («Driven by Dreams») екені тегін емес. Бұл ұғымда терең символдық және философиялық байланыс бар: көптеген жастар үшін университет шын мәнінде болашақ жолын анықтайтын өмірлік саяхатының бастамасы болып табылады. Кез келген сапар үлкен арманнан басталады, сондықтан да оны жүзеге асыру үшін, бар күшті салу керек», – деп атап өтті Қазақстандағы Porsche басшысы.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту