25 қыркүйек 2023 1804

Сәтбаев Университетіне Zeta компаниясының өкілдері келді

Сәтбаев Университетіне Zeta компаниясының өкілдері келді

Сәтбаев Университетінің ғалымдары Zeta компаниясының өкілдерін өз жобаларымен таныстырды. Олардың ойынша, ғылыми жобалар компанияға да, тұтастай алғанда қоғамға да пайдалы болады. Сондай пайдалы ғылыми жобалардың бірі – адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыз суды тазарту әдісі.

Ғалымдар ауыз судың сапасын жақсартуға және судың ластануымен байланысты аурулардың қаупін азайтуға көмектесетін инновациялық технологиялар мен суды тазарту әдістерін ұсынды. Бұл жобалар суды зиянды қоспалар мен микроағзалардан тазартатын заманауи сүзу және тазарту әдістерін қолдануға негізделген.

Сәтбаев Университетіне Zeta компаниясының өкілдері келді

Сонымен қатар цехтың желдету жүйесін әзірлеу және жобалау жобасы ұсынылды. Бұл өндіріс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұмысшылардың денсаулығын сақтаудың маңызды міндеті. Ғалымдар желдету жүйелерінің аэродинамикалық есептеулерін, жабдықты және ауа өткізгіштерді таңдауды, сонымен қатар газ шығындыларын тазарту схемаларын әзірлеу мен есептеулерді ұсынды.

Сондай-ақ қонақтарды өндірістік ағынды суларды тазарту технологиясымен таныстырды. Ғалымдар ағынды суларды тазартудың жергілікті жүйелерінің жобасын әзірледі, сонымен қатар технологиялық қажеттіліктер үшін суды қайта өңдеу арқылы ағынды суларды жою әдістерін ұсынды. Бұл қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға ғана емес, сондай-ақ ресурстарды тиімді пайдалануға да мүмкіндік береді.

Сәтбаев Университетіне Zeta компаниясының өкілдері келді

Zeta компаниясының өкілдері жобалардың нәтижелеріне қанағаттанғандықтарын білдіріп, аталған технологияларды одан әрі дамыту және өндіріске енгізу үшін университетпен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға дайын екендіктерін білдірді. Ал Сәтбаев Университеті өз кезегінде студенттер мен оқытушылардың ғылыми зерттеулеріне қолдау көрсетіп, қызығушылық танытқаны үшін компанияға алғыс білдірді.

Университеттер мен компаниялар арасындағы мұндай ынтымақтастық қарым-қатынас студенттерге мол тәжірибе мен сапалы білім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ қоғамға пайда әкелетін және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатын инновациялық технологияларды дамытуға көмек береді. Сәтбаев Университеті мұндай серіктестікті мақтан тұтады, әрі басқа да әртүрлі салалар бойынша жетекші компаниялармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.

Сәтбаев Университетіне Zeta компаниясының өкілдері келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту