7 қараша 2022 2226

Satbayev University-де қызметкерлер үшін жеделдетілген қазақ тілі курсы жүргізіледі

Satbayev University-де қызметкерлер үшін жеделдетілген қазақ тілі курсы жүргізіледі

Жобаларды Басқару Институты "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасы Satbayev University қызметкерлеріне арналған жеделдетілген қазақ тілі курстары басталғанын хабарлайды.

Курс бастауыш, орта, жоғары деңгейлерді қамтиды. Курсты жоғары білікті мамандар мен озық тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы өткізеді.

Топтық дәрістер аптасына 3 рет 50  минуттан оффлайн форматында өтеді:

  • Қазақ тілі. Базалық деңгей                 
  • Қазақ тілі. Орта деңгей          
  • Қазақ тілі. Жетік деңгей

Курстар ұзақтығы – 2 ай (қараша-желтоқсан, 20 сағат). Курс бағасы – 40 000 теңге.

 

Таңертеңгі уақыттағы топ:

  • Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма: 07:15 - 08:45

Кешкі уақыттағы топ:

  • Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі: 18:00 - 19:30

 

Курстарға қабылдау диагностикалық тестілеу негізінде жүзеге асады, тестілеу 2022 жылдың  10 қарашасына дейін жүреді. Сабақтардың басталу мерзімі – 11 қараша 2022 ж. 

Барлық сұрақтар бойынша Омурзакова Альфия Кеңесқызына хабарласуға болады, WhatsApp: +7 7772497235,  a.omurzakova@satbayev.university

Курстарға тіркелу және диагностикалық тестілеу

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту