Ұлы Дала өркениеті тарихында жеке тұлғаның атқаратын ролі…
Гуманитарлық ғылымдар саласында жеке тұлғаның тарихтағы рөлі деген тарихи-философиялық тұжырымдама бар, әлемдік тарихнамада бұл тақырыпқа көптеген еңбектер арналып жазылған. Мысалы, Р. Арон, С. Хук, Г. Плеханов, Л. Гринин, А. Гущин және тағы басқалардың еңбектері. Тарихта тұрғындары кездейсоқ деп саналатын көптеген жерлерді мысалға келтіруге болады, бірақ шын мәнінде тарихшылар үшін олар табиғи заңдылықты тұрғындар болып саналады. Тарих жайлы шартты райда айтуға келмейтініне қарамастан, тарихшылар мен философтар, әлеуметтанушылар мен антропологтар: адамның жеке тұлғасы тарихи оқиғалардың дамуына қалай әсер етеді деген сұраққа үнемі жауап іздестіруде.
Осы мәселенің теориялық тереңдігіне үңілместен, Қазақстан үшін бұл бос мәселе емес екенін ескерткім келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Отанымыз – Ұлы Дала өркениетінің даңқты мұрагері – Қазақстан Республикасының дамуы жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты қызметін сипаттайтын «Тарихи тұлға тағлымы» атты мақаласы осы тақырыпқа арналған.
Жаңа жүйе мен тәртіптің қалыптасуы атты тарихи даму кезеңі бар – КСРО тарқағаннан кейін Қазақстан осы кезеңге тап болды. Өмір сүру жағдайлары өзгерді, қоғам да әлеуметтік, экономикалық, ментальдық және психологиялық деңгейде өзгерді, оған мықты көшбасшы қажет болады, өйткені жаңа тәртіптің дәл осы кезеңінде халықты басқара алатын және оның құқықтары мен бостандығының кепілі бола алатын жеке адамның, жеке тұлғаның рөлі ерекше маңызды болды.
Президент Қ.-Ж. Тоқаев былай деп жазады: «Нұрсұлтан Назарбаев тәжірибелі саясаткер ретінде алып Кеңес мемлекетінің шаңырағы шайқалып тұрғанын жақсы сезінді. Сондықтан да сол тарихи сындарлы шақта ол бұрынғы Одақ басшылары арасында орын алған саяси ойындардан тыс болып, интеграциялық үрдістердің жақтаушысы ретінде қала берді. Бір кездердегі алып мемлекет күйреп, қабырғасы сөгілген шақта оның бұл ұстанымы ТМД-ны құруға негіз болды». ТМД-ның дәл Алматыда құрылғаны белгілі – 1991 жылғы 21 желтоқсанда бұрынғы кеңестік республикалардың басшылары «Алматы декларациясына» қол қойып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрған еді.
Халықаралық қатынастардың барлық салаларында қатысушы елдердің өзара терең бірлесуі арқасында Қазақстанның сыртқы саясатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы күні бүгінге дейін ерекше рөл атқарып келеді.
Қазақстан Европа мен Азия арасындағы көпірге айналып, Н.Ә. Назарбаев 1994 ж. М.Ломоносов атындағы ММУ-нің оқытушылары мен студенттері алдында оқыған дәрісінің жаңа редакциясында атап өтілген қазіргі заманғы талаптарға қатысты еуразияшылдық идеяларын дамыта түсті.
1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясының қорытындылары бойынша 46/224 қарарымен Қазақстан Республикасы БҰҰ-на бірауыздан қабылданды. Бұған Семей полигонын жабу идеясы, қатты шиеленіс жүріп жатқан жерлерде бітімгершілік іс-шаралар жүргізу және бейбіт атомды тарату жөніндегі жобаларды іске асырудың арқасында қол жеткізілді. 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ-да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет сөз сөйледі. Дәл сол кезде БҰҰ-на ол еліміздің символын – Есік қорғанынан табылған «Алтын адамды» сыйға тартты.
2019 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йоркте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысты. Қ.-Ж. Тоқаев сол кездегі сұхбатында былай деді: «Әрине, іс-шараның өзі, Бас ассамблея ғимараты сияқты, ерекше атмосфераға ие. БҰҰ-ның штаб-пәтерінде біздің елдің нышаны – «Алтын адам» мүсінінің тұрғандығы барша қазақстандықтар үшін ерекше мақтаныш. БҰҰ-да жақсы бір дәстүр бар: оған мүше барлық мемлекеттер естелік ретінде ұйымға сыйлық табыс етеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» көшірмесін сыйлады».
Халықаралық қатынастардың барлық салаларында қатысушы елдердің өзара терең бірлесуі арқасында Қазақстанның сыртқы саясатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы күні бүгінге дейін ерекше роль атқарып келеді.
Қазақстан Европа мен Азия арасындағы көпірге айналып, Н.Ә. Назарбаев 1994 ж. М.Ломоносов атындағы ММУ-нің оқытушылары мен студенттері алдында оқыған дәрісінің жаңа редакциясында атап өтілген қазіргі заманғы талаптарға қатысты еуразияшылдық идеяларын дамыта түсті.
1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясының қорытындылары бойынша 46/224 қарарымен Қазақстан Республикасы БҰҰ-на бірауыздан қабылданды. Бұған Семей полигонын жабу идеясы, қатты шиеленіс жүріп жатқан жерлерде бітімгершілік іс-шаралар жүргізу және бейбіт атомды тарату жөніндегі жобаларды іске асырудың арқасында қол жеткізілді. 1992 жылы 5 қазанда БҰҰ-да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет сөз сөйледі. Дәл сол кезде БҰҰ-на ол еліміздің символын – Есік қорғанынан табылған «Алтын адамды» сыйға тартты.
2019 жылғы 25 қыркүйекте Нью-Йоркте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысты. Қ.-Ж. Тоқаев сол кездегі сұхбатында былай деді: «Әрине, іс-шараның өзі, Бас ассамблея ғимараты сияқты, ерекше атмосфераға ие. БҰҰ-ның штаб-пәтерінде біздің елдің нышаны – «Алтын адам» мүсінінің тұрғандығы – барша қазақстандықтар үшін ерекше мақтаныш. БҰҰ-да жақсы бір дәстүр бар: оған мүше барлық мемлекеттер естелік ретінде ұйымға сыйлық табыс етеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» көшірмесін сыйлады».
Сәтбаев университеті, Қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессоры,тарих ғылымдарының докторы Г.М. Меңдіқұлова
Суреттер интернеттегі ашық дереккөздерден алынды.