Ақпарат:

18 шілде 2023 7985

Зиянсыз есірткі болмайды: Сәтбаев Университеті түсініктеме жұмыстарын жүргізуде

Зиянсыз есірткі болмайды: Сәтбаев Университеті түсініктеме жұмыстарын жүргізуде

Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Ағзадағы есірткі заттарды анықтау мүмкін емес, олар ми мен психикаға теріс әсер етіп, адам бойында рухани деградация тудырады, сөйтіп дененің толық физикалық шаршауына алып келеді.

Көптеген студенттер денсаулығына және оқудағы жетістіктеріне зиян келтірмейтін зиянсыз есірткілер бар деп ойлайды. Дегенмен, бұл өте қауіпті де қате түсінік.

Зиянсыз және қауіпсіз есірткілер болмайды: кез келген есірткі улар санатына жатады және алғашқы минуттан бастап денені уландырады. Тіпті ең «қарапайым» есірткінің өлімге әкелетін дозасы бірнеше грамм ғана. Мысалы, кокаиннің өлімге әкелетін дозасы – бар болғаны 1,2–0,2 грамм. Ауыр және синтетикалық есірткілердің өлімге әкелетін дозасы жүздеген есе аз болады.

Психоактивті заттарды қабылдайтын адамның орташа өмір сүру ұзақтығы – 25 жыл. Есірткіге тәуелді адамдардың 97%-ы 3-4 жыл ішінде өледі.

Тіпті марихуананы шеге бастағаннан кейін екі ай ішінде денеде, әсіресе жүйке жүйесінде көптеген жағымсыз өзгерістер пайда болады. Атап айтқанда, бұл диарея, құсу, қорқынышты түс көру, сананың шатасуы, ұмытшақтық, ұйқышылдық, дүрбелең, мазасыздық, паранойя және депрессия. Бірінші белгісі – есте сақтау қабілетінің төмендеуі, өз-өзіне ие бола алмау және қозғалыс кезіндегі проблемалар.

Марихуананы ұзақ уақыт қолдану адам денсаулығын ауыр зардаптарға әкеледі, мысалы: шизофрения, өкпе мен тыныс алу жүйесінің зақымдануы және өкпе рагы сияқты ауруларды қоздырады.

Басқа да проблемалармен қатар есірткі қылмыс пен зорлық-зомбылыққа итермелейді, өйткені көптеген нашақорлар өздеріне қажетті дозаны қамтамасыз ету үшін, қылмыс жасап, ақша табуға мәжбүр болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектес заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша ұсталған адамға 80 АЕК (2023 ж. 276 мың теңге) айыппұл төлетуден бастап, 7 жылға бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

Әсіресе студенттер үшін есірткі өте қауіпті әрі жойқын зат болып саналады, өйткені дәл осы кезеңде жастардың миы белсенді түрде даму сатысында болады, ал есірткі бірінші кезекте миды бұзады. Адам дұрыс шешім қабылдау қабілетінен айырылып, өз мәселелерін өзі шеше алмайды.

Сәтбаев Университеті – өз студенттеріне бар мүмкіндіктерді жасайтын беделді университет. Мұнда оқу үлкен мансапқа, кәсіпкерлікке жол ашып, шығармашылыққа жетелейді. Біздің университеттің түлектері аз ғана күш-жігермен қалағанының бәріне қол жеткізе алады.

Есірткі шегу – барлық артықшылықтарды жоққа шығаратын, армандар мен мақсаттардың жолын жабатын, сөйтіп тұңғиыққа апаратын жол. Бұл – жеңіл жол мен қысқа мерзімді ләззат іздегендердің басына түсетін тұзақ. Ал сіз өз біліміңізді, денсаулығыңызды және жарқын болашағыңызды осындай қысқа мерзімді ләззат үшін құрбан ете аласыз ба?

Зиянсыз есірткілер жоқ екенін түсіну өте маңызды. Есірткі заттары орта ғасырлардағы кісі өлтірудің танымал әдісі сияқты әрекетпен әсер етеді – адамды біртіндеп уландырып, өлімге алып келеді. Ал нашақорлық – кәсіби мансап пен арманға жетуге үлкен кедергі келтіреді.

Анықтама үшін: нашақорлықтан арылту үшін қазіргі емханалар күніне шамамен мың доллар сұрайды.

Қазіргі қоғамда біздің әрқайсымыз көптеген мүмкіндіктерге тап боламыз. Дегенмен, олардың ең қауіптісі және ең зияны – есірткі шегу.

Қаншалықты қиын жағдай туындаса да, есірткі шегу олардың бірде-біріне ешқашан көмектеспейді, ол ешқандай мәселені шешпейді, қиыншылықтан шығудың жолын таппайды, керісінше, тұңғиыққа тарта береді. Сондықтан да қиыншылық жағдайда психологқа барып, бар мәселені сонымен талқылау әлдеқайда оңай және тиімдірек болады.

Психологтардың арнайы білімдері бар, олар көптеген дағдыларды меңгерген, мұғалімдермен келіссөздер жүргізуге, қызды табуға, ата-аналармен қалай сөйлесу керектігін түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ олар басқа түскен қиындықтарды жеңуге, өз-өзіне деген сенімді қалпына келтіруге, стрессті жоюға және күнделікті өмірден ләззат алуға көмектеседі!

Психологқа бару әлсіздік немесе сәтсіздіктің белгісі емес, керісінше, салауатты өмірге батыл қадам жасау екенін дұрыс түсіну керек. Табысты адамдардың көпшілігі, соның ішінде миллиардерлер де апта сайын психологқа қаралады, әрі бұл – олардың талай жылдар бойғы әдеті.

Сәтбаев Университетінде тегін психологиялық қызмет көрсететін орталық бар.

Сіздер Сәтбаев Университетінің психолог маманы Айгерім Маратқызына телефон арқылы хабарласып, қабылдауына жазыла аласыздар. Ол сізге кез келген мәселені шешуге көмектеседі.

Айгерім Сүлейменова: +7 702 672 9961.

Сәттілік тілейміз!

 

Бұны әркім білуі тиіс:

1. Есірткіден бас тарту өте қиын. Тіпті кішкене ғана бір доза тез үйреніп кету (тәуелділік) қаупіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан қауіпсіз өмірді сақтап қалудың ең жақсы жолы – есірткіге ешқашан жоламау.

2. Нашақорлық – созылмалы ауру түрі, ол өмір бойы жалғасады. Кей мезетте ауру ұйықтап жатқан сияқты болады да, кез келген уақытта қайтадан қозуы мүмкін. Сонымен қатар бұл аурудың зардаптарын емдеу мүмкін емес: адам ағзасындағы көптеген психологиялық және физиологиялық өзгерістер ешқашан қалпына келтірілмейді.

3. Есірткі оқуды қиындатады, жұмыс істеу қабілеті мен еңбекке деген құштарлықтан айырады, сондықтан болашақта жақсы мансапқа қол жеткізу қиын болады. Ең алдымен адамның қысқа мерзімді («операциялық») есте сақтау қабілеті зардап шегеді. Ойлау және өз ойын дұрыс жеткізу қиынға соғады.

4. Есірткі адамның жан-жағындағы жақындарымен қарым-қатынасын, достықты, сүйіспеншілікті, отбасын тез ұмыттырып, толық жалғыздыққа әкеледі. Одан әрі оны аурухана, түрме, өлім күтіп тұрады.

5. Есірткі көптеген аурулардың себебі болып табылады. Кейбір есірткі түрлерін бір рет қолданудың өзі адамның генетикалық кодын өзгертеді. Адамның ми жасушалары, бауыры, өкпесі, жүрек-тамыр, жүйке жүйелері, ұрпақты болу функциялары бұзылып, гепатит, СПИД және өлімге әкелетін басқа да ауруларға шалдығады. Оның үстіне бұл есірткінің түріне де, оларды қолдану тәсіліне де байланысты емес. Соңы біреу – тек қана өлім. Басқасы тек уақытша ғана мәселе.

6. Жеңіл есірткілер болмайды. «Жеңіл есірткілер» деп аталатындар және стимуляторлар басқа есірткіні қолданар алдындағы ерікті кедергіні жоюға ғана қызмет етеді. Ешкім бірден «екпеден» бастамайды. Статистикаға сүйенсек, «героинге» тәуелді нашақорлардың 90%-дан астамы, оңай тастап кетемін деп, алғашында марихуанадан бастаған екен.

Керісінше айтатын адамдардың көпшілігі өздерін алдап, кез келген айламен ақтап, есірткіге тәуелді етеді. Сондықтан да өз-өзіңізді алдауға жол бермеңіз! Есірткінің қандай түрі және ол ағзаға қалай түскені маңызды емес. Маңыздысы – не түскені. Ал одан кейін – өзін-өзі алдау, үнемі «ләззат» іздеу, тәуелділік, ауру, өлім басталады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту