Автоматтандыру және роботтандыру
Автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект және автоматтандырылған басқару саласында 4.0 төңкерісті іске асыру мақсатында құрылған инновациялық білім беру бағдарламасы.
Бағдарлама математикалық, жаратылыстану-ғылыми, базалық және тілдік пәндердің үлкен көлемін қамтиды. Автоматтандыру пәндері, роботтандыру пәндері және жасанды интеллект әдістерін қолдану бойынша үш топқа бөлуге болатын жаңа бейінді пәндер қосылған.
Сіз мына инновациялық пәндерді оқитын боласыз:
- Роботтандырылған өндірісті технологиялық дайындауды автоматтандыру негіздері;
- Техникалық және роботтандырылған жүйелерде автоматтандыру және басқару;
- Роботтандырылған өндірістің АЖЖ негіздері;
- Технологиялық процестерді интеллектуальды басқару жүйелері;
- Өндірістік жүйелерді басқару мен диагностика жасаудағы жасанды интеллект әдістері;
- Өндірістік процестерді роботтандыру;
- MES-жүйелерін құру негіздері;
- Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен әдістері;
- Ақпарат қорғау мен қауіпсіздік аппаратының құралдары;
- Электротехникалық жүйелер монтажы мен баптау.
Бакалавриаттың толық курсын табысты аяқтаған жағдайда, Сізге автоматтандыру және роботтандыру саласында техника және технологиялар Бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.
Сіз:
- заманауи технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерін және роботтандырылған технологиялық кешендерді;
- автоматтандыру және роботтандыру жүйелерін жасанды интеллект әдістерін қолдана отырып, салыстырмалы талдау және бағалау үшін программалық құралдарын қолданудың заманауи тәсілдерін;
- әртүрлі өнеркәсіп салаларында технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару және роботтандырылған жүйелердің функционалдық сүлбелерін құру әдістерін оқисыз.
Сіз:
- заманауи программалық құралдарды және математикалық модельдерді қолданып, автоматтандыру және роботтандыру жүйелеріне салыстырмалы талдау және бағалау жүргізуді;
- автоматтандыру және роботтандыру жүйелерін синтездеу үшін заманауи алгоритмдік және программалық қамтамасыз етуді пайдалануды;
- автоматтандыру және роботтандыру жүйелерінің техникалық құралдарын монтаждау мен баптауға үйренесіз.
Оқу кезінде студенттер Verbulak, Siemens-Қазақстан, АСУТП-Honeywell, НАТ «Қазақстан», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазцинк», «Қазфосфат» МУ, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниялары мекемелерінде өндірістік практикадан өтеді.
Түлектер өнеркәсіптің түрлі салаларында автоматтандырылған басқару жүйелері және роботтандырылған технологиялық кешендері техникалық құралдарын пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу және баптау бойынша өндірістік бөлімшелерде инженер болып жұмыс істейді.