Эксплуатациялы-сервистік инженерия

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В064 Механика және металл өңдеу Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
asiin
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Тау-кен, металлургия және мұнай-газ салалары үшін жабдықтар жасау саласына қажетті мамандарды даярлайды. Оқыту үш бағыт бойынша жүргізіледі – «Тау-кен машиналары мен жабдықтары»; «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар»; «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары». Бағдарлама ASIIN (Германия) халықаралық аккредитациясынан өткен.

Сіз тау-кен, металлургия және мұнай-газ салаларында технологиялық машиналар мен жабдықтарды, тау-кен, металлургия және мұнай-газ машиналарын пайдалану және жөндеу саласында инновациялық технологияларды қолдану саласында білім аласыз.

Бакалавриатта студенттер жалпы, жеткілікті ауқымды білім мен таңдалған мамандықтың негіздерін, яғни нақты мамандануы жоқ іргелі дайындықты алады.

Студенттер математиканы, физиканы, конструкторлық-технологиялық құжаттаманы, технологиялық машиналар мен жабдықтардың конструкциялық материалдарын, конструкциялау негіздері және машина бөлшектерін, материалдардың кедергісін, технологиялық машиналардың гидравликалық мен гидрожетек негіздерін және технологиялық машиналарды монтаждау және пайдалануды үйренеді. Оқу траекториясы бойынша студенттер міндетті түрде өтетін пәндерден басқа элективті пәндерді де таңдайды.

Сіз істей аласыз: машиналар конструкцияларының беріктігін есептеу және есептеуді жүзеге асыру, әртүрлі жабдықтарды құрастыру, ретке келтіру, жөндеу, механикалық жабдықтарды тиімді пайдалану міндеттерін шешу, сондай-ақ тау-кен, металлургия және мұнай-газ салаларындағы технологиялық процесстерде жабдықтардың кез келген кешенін пайдалану.

Бағдарлама бір оқу, екі өндірістік және диплом алдындағы практиканы қарастырады, олар кәсіпорындардың өндірістік процессі мен технологиялық жабдықтарын және негізгі цехтарды технологиялық жабдықтауды, нақты технологиялық жабдықтардың, жабдықтар мен құралдардың жұмысын, материалдарды жинауды қамтиды. Студенттер «Қазақмыс», «Қазцинк», «Қазатомпром», «Алматыметроқұрылыс», «ҚазМұнайГаз», «Оңтүстік-мұнайгаз», «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» және т. б. сияқты ірі-ірі өнеркәсіптік  кәсіпорындарында тәжірибеден өтеді.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын кафедра оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін сыртқы серіктестермен белсенді ынтымақтасады. Академиялық мобильділік және халықаралық білім алмасу бағдарламасы шеңберінде әлемнің 97 жетекші шетелдік университеттерінде білім алуға мүмкіндік бар.

Түлектер тау-кен, металлургия, мұнай-газ салаларында, өнеркәсіпте, құрылыста, жол қызметтерінде және т. б. өндірісте, көрсетілген салаларда  немесе басқа қандай да бір салада арнайы машиналарды пайдалану жөніндегі шаралар кешені үшін жауап бере отырып, инженер болып жұмыс істейді.  Жұмыстың қажетті режимін баптайды, жаңа жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін, яғни техникалық құжаттама талаптарымен белгіленген параметрлермен берілген функцияны орындау қабілетін қадағалайды, шығыс материалдары мен бөлшектерге тапсырыс береді, жаңа жабдықты сатып алу мәселелерін шешеді.