Пайдалы қазбалар кен орындарын геология және барлау

Бағасы
550 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон

Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау, тау жыныстары саласында минералдар туралы білімі бар, кен орындарын табу және барлау әдістері туралы геология мамандарын даярлау жөніндегі бағдарлама. Бағдарлама ASIIN (Германия) халықаралық агенттігімен аккредиттелген.

Бағдарлама геология саласы, геохимиялық, мұнай, газ, су, қатты пайдалы қазбалар, оның ішінде бағалы, радиоактивті металдар, жер бетінде сирек кездесетін элементтердің кен орындарын іздеу және барлаудың дистанциялық әдістері бойынша сапалы білім береді.

Инженерлік-геологиялық саладағы міндеттерді шешудің негізгі әдістерін, геология мен пайдалы қазбалар кен орындарын барлауды ұйымдастырудың негізгі нысандары, әдістері мен принциптері, геология объектілерін зерттеу және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және әдістері туралы түсінік аласыз, мәселені техникалық тұрғыдан талдау мен құрылымдаудың дағдысын үйренетін боласыз.

Бағдарлама Micromine, Studio RM, Petrel, Eclipse, Pipesim, Gocad, Surfer, Geosoft, Geolog-Focus, Echos-Gold, Leafprog заманауи компьютерлік бағдарламаларында жұмыс істеуге үйрету жолдарын қамтиды.

Геологияның қазіргі заманғы мәселелері бойынша дәрістер мен консультациялар өткізу үшін шетелдік профессорлар, өндірістік компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші сарапшылары шақыртылады.

Бакалавр студенттері өздерінің Қаратау оқу полигонында оқу практикасынан және Karachaganak Petroleum Operating», «Тенгизшевройл», «Қазгеология», «PGD SERVICES», «Қазақмыс», «Қазцинк», Евразия өндірістік ассоциациясы, «Қазфосфор», «Майқайың-алтын», «Қазатомөнеркәсіп», «Жәйремский КБК», «Асемтас», «Ізденіс», «Геоинцентр» және т.б. компанияларда өндірістік тәжірибеден өтеді.

Үздік студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Томск политехникалық университетінде, Фрайе университетінде, Лоррэна университетінде (Нанси, Франция), Тау-кен техникасы және технологиясы институтында (Пекин, Қытай), Мишкольц Университетте (Будапешт, Венгрия) және бүкіл әлем бойынша басқа да жоғары оқу орындарында қосымша білім ала алады.

Түлектер «техника және технология бакалавры» біліктілігін алады да, геологиялық барлау және тау-кен компанияларында геолог ретінде, инженерлік-техникалық лауазымдарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істейді.