Ақпарат:

Оспанов Ержан Арыстанбекұлы

Оспанов Ержан Арыстанбекұлы

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, техногендік шикізатты кешенді өңдеу Басқармасының бастығы

calendar
Оқу жылдары: 1984-1989 жж.
cap
Мамандығы: "Түсті металдар металлургия"

Мектепте химия пәніне қызығатынмын, 8 сыныптан бастап қалалық және облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. 1984 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақ политехникалық институтының металлургиялық факультетіне түстім. Осы факультетте оқитын ағамның ізін жалғастырдым. Металлургия факультетінің негізгі мамандығы – түсті металдар металлургиясын таңдадым.

Алғашқы курстарда – жалпы және бейорганикалық химия, ал жоғарғы курстарда – металлургиядағы арнайы пәндер ең қызықты болатын. Мені жер қойнауынан кен қалай шығарылады, содан кейін одан металдар таза түрде қалай алынады және көптеген осы сияқты сұрақтар қызықтыратын.

Мен, олар айтқандай, «жай бақыттымын».

3-ші курста " бойынша емтихан ең қиыны болды, бірақ, шынын айтсам, жеткіліксіз дайындалған өзімнің немқұрайдылығымнан еді. Алған «үшімді» кафедра комиссиясы алдында қайтадан тапсыруыма тура келді. «Өте жақсы» деген баға алдым және сол кезде өзіме өте риза болдым.

Институтта жылы, достық атмосфера құрылған еді және оны барлығы сақтайтын. Тілдік, ұлттық, әлеуметтік белгілер бойынша бөліну деген болмады. өндірістік практикада оқытушылар біздің қасымызда бірдей жағдайда тұратын.

Менің кәсіби қызметім 3-ші курста,ауыр түсті металдар зертханасында лаборант болып жұмыс істегенде басталды, содан кейін сирек металдар зертханасында жұмыс істедім.

Институтты бітіру кезінде болашақ жоспарларым («наполеондық» деп атауға болады) өндіріспен байланысты болды: зауыттың бас директоры болу, докторлық диссертация қорғау.

Кейінірек бұл жоспарларым біртіндеп жүзеге асып, орындалды, мүмкін (кейде ойлаймын), ел айтқандай, сәттілік болар. Мен Балқаш тау-кен металлургия комбинатының мыс балқыту цехы шағылдырғыш учаскесінің 5-ші санаттағы балқытушысы болып қабылдандым, бір жылдан кейін сұйық ваннада балқыту технологиясын игеру үшін жаңадан құрылған балқыту учаскесінің шебері болып тағайындалдым.

Әрине, менің маман ретінде қалыптасуыма ҚазПТИ-да алғанбілімім ықпал еткені екені сөзсіз.

Университетте қызмет салама қажетті ең маңызды қасиеттерге ынталандырды және олардың қалыптасуына барынша ықпал етті, бұл – еңбекқорлық, мақсатқа жетудегі табандылық, теориялық білімді және ең үздік әлемдік тәжірибені практикада қолдана алу біліктілігі, командалық жұмыс, жауапкершілік.

Бүгінде мен үшін, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ның күрделі кешенді техногендік шикізатты өңдеуге арналған жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізуді жүзеге асыратын бөлімшесі – техногендік шикізатты кешенді өңдеу Басқармасының бастығы ретінде, мұның барлығы, жинақталған тәжірибемен бірге таңдаған мамандығым және өмір жолымда сенімділік беретін базалық негізім.

Батыл болыңыздар, тек ұлы мақсаттар ғана жоғары нәтижеге әкеледі, тек батылдар ғана шыңға шыға алады!

Жоғары мектепте оқытуға келер болсақ ... Бұл кәсіби қызметтің ерекше санаты. Бұл үшін ерекше ойлау қабілетіңіз болуы керек. Кез-келген тамаша жақсы оқытушы бола алмайды, сол сияқты кез-келген жақсы оқытушы өндіріс қызметкері бола алмайды. Дегенмен, әрине, ерекше жағдайлар кездеседі.

Өзінің 85-жылдық тарихында озық ойдың орталығы болып келген ҚазҰТЗУ – Сәтбаев университеті Қазақстанның өнеркәсіптік дамуының негізі болып табылатын тау-кен және металлургия саласындағы үздік жоғары мектеп ретінде өзінің көшбасшылығын

Өз ісінің кәсібимаманы болуы үшін болашақ түлектер қандай қасиеттерге ие болуы керек? Ең бастысы - жұмыс істеуге және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, ұсақ-түйек заттарға зая кетпеу, бір сәттік нәтиже күтпеу, мақсатқа жетуде табанды болу. Процестер мен құрылғылар теориясын білу – негіздердің негізі. Осыған ерекше назар аудару керек. Практика өндірісте «келеді», бірақ теориялық негіздер ерте жастан қалануы керек. Тек жан-жақты және терең білімді маман ғана лайықты жеңістің дәмін тата алады. Бұл шын мәнінде керемет және , оптимизм тудырады!

Университеттің бірінші курс студенттеріне айтарым: «Батыл болыңыздар, тек ұлы мақсаттар ғана жоғары нәтижеге әкеледі, тек батылдар ғана шыңға шыға алады!»

18 желтоқсан 2020 5475
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту