Ақпарат:

14 тамыз 2023 3390

Алматыда nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанаты өтті

Алматыда nFactorial жазғы бағдарламалау лагерінің жабылу салтанаты өтті

Қазақстандағы ең ірі IT-инкубаторы nFactorial мен «Шеврон» компаниясымен сериктестикте ұйымдастырған жазғы бағдарламалау лагерінің салтанатты жабылуы өтті. Лагерь 10 аптаға созылды және лагерь аясында еліміздің жас таланттары жасанды интеллекті қолданып, 100-ден астам бірегей iOS- және веб-қосымшалар жасады.

Лагерьге қатысуға қазақстандық және шетелдік 15 IT-университет пен 9 мектептен 4100+ үміткер өтініш білдірді, оның ішінде бағдарламаға 100+ үздік бағдарламалаушы ​​шақырылды.

10 аптаның қорытындысы бойынша Инкубатор қатысушылары елде бұрын соңды жасалмаған жасанды интеллект негізіндегі қосымшаларын, сондай-ақ Қазақстанның мәдениеті мен тарихын зерттеуге арналған ойындарды, қазақ музыкасы мен ертегілерін насихаттауға арналған қосымшаларды, агросекторды дамытатын қосымшаларды және басқа да көптеген әлеуметтік мәселелерді шешетін бағдарламаларды жасады.

Финалда қазылар алқасына 21 үздік iOS- және веб-қосымша ұсынылды. Қазылар алқасының құрамында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев, Astana Hub CEO-сы Мағжан Мәдиев, қазақстандық журналист, тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сатжан, «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің реинвестмент менеджері Жанар Гилимова, Apple(Калифорния) iOS-әзірлеушісі Ерсұлтан Сапар, режиссер Қуаныш Бейсеков, Кәсіпкер және венчурлық инвестор Мұрат Әбдірахманов, interface films медиа-қорының белгілі продюсері және бас директоры Игорь Цай болды.

Биылғы жылдың жеңімпаздары – «ImamAI» қосымшасын жасап шыққан Артур Мұратов және «ObsFeaRe» қосымшасын жасаған Руслан Тасмұханов (қола медаль), «LoanaAI» қосымшасын жасаған Алуа Мусралина (күміс медаль) және «AuenAI» қосымшасымен Мадина Аманкелдинова (алтын медаль).

«Музыкалық идеяны жүзеге асыру қиын болды, бірақ осындай қосымшаны жасау менің бала кезгі арманым болған соң,  бұл істі соңына дейін жеткізгім келді. Болашаққа көп жоспарлар бар – қосымшамды одан әрі дамыту, оны жас музыканттар арасында танымал ету және пианинодан басқа аспаптарды қосу. Келесі кезекте домбыра тұр!»- деп Demo Day жеңімпазы және Nazarbayev University студенті Мадина Аманкелдинова өз эмоцияларымен және жоспарларымен бөлісті.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде жасанды интеллекттің біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғанын және жасанды интеллект технологияларын зерттеудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол министрлік еліміздің тұрғындарының арасында ЖИ саласындағы сауаттылық деңгейін арттыру үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Өз кезегінде Динара Сатжан қатысушылардың сөздерін тыңдап, олардың жобаларына қарап отырып, Қазақстаннығ жасанды интеллект саласында озық орынға ие болатынына сене бастағанын айтты

«1993 жылы біз Қазақстанмен серіктестік орнатқан алғашқы халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі болдық. Біз әлемдегі ең үлкен энергия Адам энергиясы деп санаймыз. 30 жыл ішінде біздің әлеуметтік инвестицияларымыз елдегі адами капиталды дамытуда шешуші рөл атқарды. nFactorial Incubator – осындай инвестициялардың бірден-бір мысалы. Біз осындай үлкен мейрамның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз», – дейді «Шеврон»компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Реинвестмент менеджері Жания Гилимова.

nFactorial Incubator - бұл жас бағдарламашыларға арналған 10 апталық жоғары деңгейлі, әрі қарқынды дайындық бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты – жергілікті және халықаралық қолданушылар үшін 100+ мобильді және веб-қосымшалар жасау арқылы Қазақстанды әлемнің технологиялық картасына қою. nFactorial инкубаторында жасалған барлық қолданбаларды мына жерден көруге болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту