Алматылық жас ғалымдар Қазақстан Президентінің атынан пәтер алды
Ғылым академиясының қалпына келтірілген ғимаратының ашылуына орай өткен салтанатты жиында алматылық он жас ғалымға Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа пәтердің кілті табыс етілді.
Алматылық жас ғалымдардың тізімі:
- Жансая Омарова, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
- Айназ Абильдина, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
- Нұрлан Бакранов, Қазақ-Британ техникалық университеті
- Жанғазы Молдамұратов, Халықаралық білім беру корпорациясы (ҚазБСҚА)
- Әлия Темірхан, Жандыру мәселелері институты
- Ерғали Құрманов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Рамазан Жанұзақ, А.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
- Самет Байжұма, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Шынар Құлтаева, Халықаралық білім беру корпорациясы
- Бауыржан Әділхан, Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы
Бұл ғалымдардың екеуі еліміздегі ең көне техникалық университет –Сәтбаев Университетінің өкілдері. Жансая Омарова – Стандарттау, сертификаттау және метрология саласының маманы, 2023 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының және «Үздік жас метролог-2017» дипломының иегері. Айназ Абильдина – «Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология» кафедрасының профессоры, 2022 жылғы «Үздік ЖОО оқытушысы» атағының иегері.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 31 мамыр күні жұмыс сапарымен Алматыға келді. Сапар бағдарламасы аясында Президент ғылыми зиялы қауым өкілдерімен, іскерлік топтардың өкілдерімен, бірқатар халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді, сондай-ақ Ғылым академиясы ғимаратының қалпына келтіруден кейінгі ашылу салтанатына қатысты.
Ғылым ордасы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2023 жылдың жазында басталған еді. Жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі шамамен 40 мың шаршы метрді құрады. Оның жұмысы тарихи мұраға ұқыптылықпен қарауға негізделді – ғимаратты жөндеу жұмысына «Qazaq Stroy» компаниясы таңдап алынды, олар ғимараттың шатыры мен коммуникация жүйелерін ауыстырып қана қоймай, сәулет ескерткішінің тарихи келбетін сақтау үшін барлық амалдарды жасады.
Ғылымды қолдау– мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Ғылым академиясы ғимаратын қалпына келтіріп, жас ғалымдарға пәтер кілттерінің табыс етілуі – мемлекеттің ғылымды дамытуға деген қамқорлығы мен жас ғалымдарды қолдаудың нышаны болды. Бұл өте тамаша оқиға жас мамандардың Қазақстанның ғылыми-техникалық прогресіне және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді.