Болашақтың геоғылымы: координаталық жүйелерден гравитациялық талдауға дейін

2025 жылғы 2–5 маусым аралығында «Болашақ геоғылымы: координаталық жүйелерден гравитациялық өрісті талдауға дейін» атты халықаралық семинар Satbayev University базасында өтеді. Іс-шараны Satbayev University Геоматикалық инновациялар орталығы ұйымдастырады.
Семинар барысында жетекші сарапшылар мен тәжірибелі мамандар координаталарды түрлендіру, GNSS деректерін біріктіру және оларды геомониторинг пен табиғи ресурстарды бағалауда қолдану бойынша заманауи әдістерді талқылайды.
Спикерлер:
Техника ғылымдарының докторы Роман Шульц — GNSS деректерін біріктіру және геодезиялық модельдеу саласындағы сарапшы:
▪ Жергілікті мониторинг жобаларындағы координаталық жүйелер және түрлендіру әдістері
▪ Кеңістіктік деректерді біріктіруге арналған ең кіші квадраттар әдісі (collocation)
▪ Геомониторингке арналған жоғары дәлдіктегі тірек беттерін модельдеу
▪ Жерүсті және GNSS бақылаулары негізінде геодезиялық желілерді интеграциялау және редукциялау
▪ GNSS және жерүсті деректерін ғаламдық геоид модельдерімен сәйкестендірудің дәлдігін бағалау
▪ Полиномиалдық және сплайндық беттерді тірек моделінде қолдану
▪ Мұндай сәйкестендірулердің сенімділігін қолданбалы тұрғыда талдау
PhD Гүлзада Үмирова — гравиметрия саласындағы жетекші маман:
▪ Жерасты ресурстарын пайдалану мәселелерін шешуде жоғары дәлдіктегі гравиметриялық барлау әдістерін қолдану
Семинар келесі мамандар үшін пайдалы болады:
▪ Геодезия, ГАЖ (GIS), картография және гравиметрия саласындағы мамандар
▪ Техникалық және геоғылыми бағыттағы зерттеушілер, оқытушылар мен магистранттар
▪ Мониторинг жүйелерімен жұмыс істейтін инженерлер мен кеңістіктік деректер саласындағы мамандар
Қатысушылар үшін не ұсынылады:
– Терең теориялық және қолданбалы мазмұн
– Практикалық тәжірибелер мен өзекті мысалдар
– Ғылым, өндіріс және ұлттық ғылыми бағдарламалар арасындағы кәсіби пікір алмасу
Өтетін орны: Satbayev University, Алматы
Өтетін уақыты: 2025 жылғы 2–5 маусым
Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/5ZYMRvfCAVbaSM2p6
Семинар Геоматикалық инновациялар орталығы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ұлттық ғылыми жобаның — BR21882366: «Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттік координаттар мен биіктіктер жүйесінің негізі ретінде геоид моделін әзірлеу» — аясында өтеді.