Ақпарат:

6 наурыз 2023 2699

Физика-техникалық институтs Дубнадағы БЯЗМ халықаралық орталығымен ынтымақтастықты жалғастыруда

Физика-техникалық институтs Дубнадағы БЯЗМ халықаралық орталығымен ынтымақтастықты жалғастыруда

2023 жылдың ақпан айының ортасында Физика-техникалық институты директоры Абай Серікқанов Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Ресейдің Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтына іс-сапармен барып келді. Кездесуге Энергетика министрлігінің, Ғылым және Жоғары білім Министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің басшылары, Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің өкілдері және ҚР Үкіметінің БЯЗИ-дегі өкілетті өкілі қатысты.

Делегация мүшелері Біріккен ядролық зерттеулер институтының басшылығымен және оның директоры Григорий Трубниковпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін және бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігін талқылады. Сонымен қатар Физика-техникалық институты, Satbayev University нуклотронда және жаңа коллайдерлік қондырғыларда нуклотронның бөліп шығарылған сәулелерін зерттеу жөніндегі ынтымақтастыққа кіруі жөніндегі қадамдарды талқылап белгіледі. Қонақтар Қазақстанда жоғары энергетикалық физиканы дамыту бойынша өз жоспарлары туралы айтып берді, ал Ресейлік тарап қазақстандық ғылыми орталықтар үшін кадрларды даярлау мүмкіндіктері мен барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Сапар соңында делегация БЯЗИ ғылыми командаларының құрамында жұмыс істейтін және біліктілігін арттыратын Қазақстаннан келген физиктермен кездесті. Қазіргі уақытта қазақстандық қызметкерлер өрістің кванттық теориясы мен аса ауыр элементтердің синтезінен бастап жартылай өткізгіш, сцинтилляциялық және криогендік детекторларды әзірлеуге, жаңа буынның детекторлық жүйелерін құруға және трек мембраналарын өндіруге дейінгі әртүрлі тақырыптар бойынша БЯЗИ-гі көптеген ғылыми зерттеулерге қатысады. Қазақстандықтар 2023 жылы пайдалануға берілетін тығыз барион материясының қасиеттерін зерттеу мақсатында әзірленген нуклотрон негізіндегі иондық коллайдер — NICA-жаңа үдеткіш кешенін құруға елеулі үлес қосуда.

«Біздің институтта Қазақстанның ғылыми диаспорасы 90 — ға жуық адамды құрайды және біз оларды мақтан тұтамыз», - деп, - «Бұл өте күшті ғылыми ұжым» екендігін Григорий Трубников атап өтті.

Сонымен қатар сапар бағдарламасы аясында қонақтар В.И. Векслер және А. М. Балдин атындағы Жоғары энергетикалық физика зертханасымен, В. П. Желепов атындағы ядролық проблемалар зертханасымен, И. М. Франк атындағы нейтрондық физика зертханасымен, Г. Н. Флеров атындағы ядролық реакциялар зертханасымен және М.Г. Мещеряков атындағы ақпараттық технологиялар зертханасымен танысып шықты. Қонақтар зертханалардың материалдық-техникалық базасымен және "Говорун" суперкомпьютерінің мүмкіндіктерімен танысты - күрделі есептеулерді едәуір жеделдететін және физикалық процестерді модельдеуді жеделдететін жоғары өнімді есептеулерге арналған әлемдегі алғашқы гиперконвергентті кешенмен таныстырылды.

Физико-технический институт совместно с Satbayev University на базе которой открылась новая образовательная программа «Ядерная энергетика» приложит все усилия для развития физики высоких энергий и подготовки молодых кадров в этой области. Так как использование атомной энергии в мирных целях важно для энергетики и в конечном счете для будущего всего Казахстана.

Физика-техникалық институты Satbayev University-мен бірлесіп, жаңадан ашылған «Ядролық энергетика» жаңа білім беру бағдарламасы саласында жоғары энергетикалық физиканы дамытуға және жас кадрларды даярлауға бар күшін салады. Өйткені атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану энергетика үшін және сайып келгенде бүкіл Қазақстанның болашағы үшін маңызды.

Физико-технический институт продолжает сотрудничество с Международным центром ОИЯИ в Дубне

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту