Ақпарат:

7 ақпан 2020 7036

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа 2019-nCoV коронавирус індеті туралы ескертеді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа 2019-nCoV коронавирус індеті туралы ескертеді

2019 жылы желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген 2019-nCoV коронавирус індеті әлемдік маңыздағы төтенше жағдай деп саналып отыр. Қытай мемлекетімен шекаралас болғандықтан, онымен әуе, теміржол және автомобиль қатынасы тығыз орныққан Қазақстанға бұл індеттің келу қаупі өте жоғары екені де мақұлданып отыр.

Бұл індеттің қауіптілігі тек осы ауруға шалдыққан адамдардың санымен ғана емес, сонымен қатар оның қарапайым тұмауға ұқсастығымен де жоғары. Ауруға шалдыққан адам алғашқы күндері әлсіреп, дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады. Ауруы біртіндеп асқынып, вирустық пневмонияға ауысуы мүмкін.

Коронавирус пен атипиялық пневмонияны қоздырғыш SARS-CoV вирусы геномдарының ұқсастығы 80%-ға тең. Ал пневмония өте қауіпті ауру және оның асқынуынан адам қайтыс болуы да мүмкін деп саналғандықтан, оған ұқсас 2019-nCoV коронавирус індеті де өте қауіпті деп саналады. Бұл індет инфекциясының қайтадан өрбу мерзімі өте ұзақ (2-3 апта), сол себепті де оны жұқтырған адамнан ұзақ уақытқа дейін ешқандай аурудың белгісі білінбейді де, ол адам қоршаған ортаға ауруын таратып жүре беруі мүмкін. Алайда, жас әрі денсаулығы мықты адамның ағзасы бұл инфекцияға төтеп бере алады, ал кішкентай балалар мен денсаулығы нашар қарт адамдарға инфекцияға төтеп беру өте қиын.

 

Вирустан қалай сақтану керек

1. Қолыңызды әлсін-әлсін жуып, жан-жағыңыздағы заттардың тазалығын сақтаңыз. Кір қолмен бетіңіз бен мұрныңызды ұстамаңыз. Дезинфекциялық заттарды жиі қолданыңыз. Адам байқамастан сағат сайын бетін бірнеше рет (15-тен артық) ұстай беретінін ұмытпаңыз.

Вирус адамнан адамға ауа арқылы және қарым-қатынас арқылы беріледі. Яғни, ауру адам жөтеліп немесе түшкіріп қалған сәтте оның түкірігі лифттің батырмасына тұрып қалып, келесі сау адам оны қолымен ұстаса, сау адамға инфекция бірден жұғады деген сөз.

2. Қол алысып немесе сүйісіп амандасуды уақытша доғарыңыз.

3. Бәріне ортақ ыдысқа салынған тағамды (мысалы, бар немесе кафелердегі чипсы мен жаңғақ салынған ыдыс) жемеңіз. Өйткені кейбір адамдар қолын жумастан тамаққа отыратынын еске сақтаңыз.

4. Қытайға баруды уақытша тоқтатыңыз. Егер де баруға тура келетін болса, ол жақта бетіңізге үнемі бетперде тағып жүріңіз, халық көп жиналатын жерлерге, базарлар мен парктерге бармауға тырысыңыз, әсіресе зообақтар мен неше түрлі шоуларға көрсетілімдерге бармаңыз. Тек қана отқа піскен тамақты жеп, суды жеке өз ыдысыңыздан ғана ішуге тырысыңыз.

5. Балаларға жеке гигиена, яғни дене тазалығы жөнінде түсіндіріңіз, басқа біреудің тіс щеткасын қолдануға немесе өзі де біреудің щеткасын алуға болмайтынын айтыңыз. Отбасы мүшелерінің әрқайсысында жеке-жеке орамал болуын қадағалаңыз.

6. Суық тиіп, ауырып қалған жағдайда бірден дәрігерге қаралыңыз. Ал кімде-кім жуық арада Қытайға барып келген немесе сондай адаммен қарым-қатынас жасаған болса, оны жасырмай айтуы тиіс.

7. Мұндай індетке шалдыққан адамдар міндетті түрде бетіне бетперде тағып жүруі тиіс, әрі оны әрбір 4 сайын ауыстырып тұруы керек.
 

Коронавирус індеті туралы толығырақ мәліметті Қазақстан Республикасы Бас санитарлық дәрігерінің 06.01.2020 жылы шығарған «Қазақстан Республикасы территориясында белгісіз пневмония түрінің этиологиясын таратуға қарсы санитарлық-эпидемиялық және санитарлық-алдын алу шараларын күшейту туралы» № 1-ПГВр Қаулысынан оқып білуге болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту