Ақпарат:

26 сәуір 2019 7203

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Сәтбаев университетіне келді

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Сәтбаев университетіне келді

Сәтбаев университетінің ректоры Е. Бейсембетов «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған бір топ депутаттармен Сандық техника және технология институтында кездесті.

Кездесудің бірінші бөлімінде ІТ, салалық және әлеуметтік тақырыптарға арналған жобалар талқыланды. Сәтбаев университетінің инновациялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Шыңғыс Черниязданов салалық бастамалар туралы айтып берді. Әсіресе университет пен  ArselorMittal Gas Production компаниясы бірлесіп құрған кәсіпорын туралы толық мағлұмат берді. Спикер атап өткендей, метан өндіруге салынатын салыққа жеңілдіктер мен заңды түрде қолдау көрсетілетін көмектерге қол жеткізілді.

Сәтбаев университетінің қызметкерлері Baker Hughes, a GE company (BHGE) компаниясымен бірлесе отырып, көптеген кәсіпорындарға арналған алдыңғы қатарлы технологияларды өндіруді, жобалық және есеп беру жөніндегі құжаттарға тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастырды, сондай-ақ геология мен геофизиканың өзекті бағыттары жөнінде тренингтер өткізді.

Елдегі жетекші техникалық жоғары оқу орны «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ына қажетті магистрлерді даярлап, олар жер асты ұңғымаларынан өндірілетін уранның өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізді.  

– Уран кеніне қажетті химиялық тотықтырғыштарды сатып алуға тек бір жылда ғана 2 млн АҚШ долллары жұмсалады. Ал мына технология ол шығындарды кем дегенде бес есеге төмендетуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ш. Черниязданов өз сөзінде.

Сәтбаев университеті ІТ-жобаларының басқарушы директоры Владислав Ким бизнестің қажеттерін анықтап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін INSIGHT-технологияларын қонақтардың назарына ұсынды. Өз сөзінде ол INSIGHT-технологиялары ғылыми-зерттеу орталығының командасы үш зертханадан – дизайндық-ойлау, жасанды интеллект және мәліметтер анализі, сондай-ақ өнеркәсіптік дизайн мен сандық өндіріс зертханасынан тұратыны жөнінде айтты.

– Сәтбаев университеті үшін біз дизайндық-ойлау және жасанды интеллекттерді жобалау жөніндегі мамандарды даярлаймыз, ал СТжТИ үшін – дизайндық-ойлау технологияларын қолдана отырып жобалау жөніндегі аналитикалық жүйелерді және жасанды интеллекттің инструменттерін әзірлейміз, – деп атап өтті В. Ким.

Ал енді әлеуметтік жобалар туралы СТТИ-ның қаржы және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Евгений Мұхамеджанов айтып берді. Ол телемедицина мен адаптивтік оқу алаңына арналған құралдарды шығару жөніне баса назар аударды.

– Адам жүрегіне жеке мониторинг жүргізу үшін Сәтбаев университетінде жасалып шығарылған құрал жүрек-қан айналымы ауруларын емдеп, олардың алдын алу үшін қолданылатын болады. Ал адаптивтік оқу алаңы оқушылардың білім деңгейі мен пәнге деген қызығушылықтарына сараптама жасап, оларға жеке-жеке материал таңдауға мүмкіндік береді – деді өз сөзінде Е. Мұхамеджанов.

Сөйтіп, «Нұр Отан» партиясының атынан сайланған депутаттардың Сәтбаев университетіне саяхаты FabLab зертханасын аралаумен аяқталды. Бұл жерде қонақтар назарына «Qorg’ay’» және «Портативтік кардиоанализатор» жобалары ұсынылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту