Ақпарат:

13 мамыр 2022 4991

Орталық Азия елдерінің ректорлары форум жұмысын Сәтбаев Университетіндегі көрмеден бастады

Орталық Азия елдерінің ректорлары форум жұмысын Сәтбаев Университетіндегі көрмеден бастады

Биыл Қазақстан Болонья процесі Бақылау тобының (Bologna follow-Up Group – BFUG) тең төрағасы болып бекітілді. Орталық Азия елдері ректорларының форумы осы іс-шара аясында ұйымдастырылды және Орталық Азия мемлекеттерінің инновациялық ғылыми үдерісін дамытуда синергетикалық әсерді құруға бағытталған. Форумның мақсаты – университеттердің цифрлық трансформациясы және Орталық Азия елдерінің ғылыми-зерттеу кеңістігін интеграциялау.

Форум ректоров стран Центральной Азии начал свою работу с посещения выставки в Satbayev University

Форум делегаттарын өз аумағында қабылдаған – Қазақстанның екі жетекші екі университеті: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Осы аумақтарда Орталық Азия елдерінің Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері кездесті: Өзбекстан министрінің бірінші орынбасары Комилжон Каримов, Қырғыз Республикасы министрінің орынбасары – Расул Абазбек уулу. Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн қосылды.

Форумға сондай-ақ Назарбаев Университетінен келген провост, Тәжік ұлттық университетінің ректоры Кобилджон Хушвахтзода, Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университетінің ректоры Эсен Айдогдыев, Раззаков атындағы Қырғыз техникалық жоғары оқу орнының проректоры, Ташкент мемлекеттік көлік университетінің ректоры және тағы басқалары қатысты.

Форум ректоров стран Центральной Азии начал свою работу с посещения выставки в Satbayev University

Форум делегаттарын қабылдаушы университеттер еліміздің инновациялық әзірлемелерімен форумға қатысушыларды таныстыру мақсатында жаһандық жетістіктер көрмесін ұйымдастырды. Сәтбаев Университетінің көрмесінде басқа да экспонаттармен қатар университеттің ғылыми-өндірістік базасында жасалған инновациялық әзірлемелер – «Бәйтерек» ұлттық компаниясына арналған БПЛА Ситуациялық орталығы, FlyCam дрондары және қазақстандық электромобильдер көруге ұсынылды. Форум қонақтары алдында университеттің Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Әлібек Шоқпаров қысқаша таныстырылым жасады.

– Университеттің ғылыми зерттеушілері республиканың басым ғылыми бағыттары бойынша зерттеулер жүргізуде, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі – «жасыл технологиялар» және көмірсутек шикізатын баламалы көздерден өндіру саласындағы жобаларды әзірлеу болып табылады. Біз Сіздермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға қуаныштымыз», – деді ол өз сөзінде.

Форум ректоров стран Центральной Азии начал свою работу с посещения выставки в Satbayev University

Сәтбаев Университетінің таныстырылымы аясында қонақтар университеттің мүмкіндіктерімен, оның ішінде Физика-техникалық институтымен, Гидрогеология институтымен, Металлургия және байыту институтымен, Инженерлік зертханамен және Жоғары тауда орналасқан ғарыштық сәулелер стансасымен танысты. Осы ғылыми ұйымдар ұсынатын кең мүмкіндіктер Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның ғылыми ұжымдарына аймақтың инновациялық индустриясын бірлесіп дамытуға және Орталық Азиядағы жоғары білімнің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі.

Форум өз жұмысын әрі қарай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жалғастырып, қатысушылар ондағы Ғылыми жетістіктер көрмесін аралады.

Форум ректоров стран Центральной Азии начал свою работу с посещения выставки в Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту