Профессор Елена Сдвижкова Сәтбаев университетінде дәріс оқыды
Ағымдағы жылы 18 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Сәтбаев университетіне Украинаның жетекші жоғары оқу орны – «Днепровская политехника» Ұлттық техникалық университетінің профессоры Елена Сдвижкова ресми сапармен келеді (Днепр қ.).
Техника ғылымдарының докторы Елена Сдвижкова «Днепровская политехника» ҰТУ-нің Жоғары математика кафедрасын басқарады. Ол геомеханика саласы бойынша танымал маман бола тұра, тау-кен бағытындағы кафедралармен тығыз байланыс жасайды. Е. Сдвижкова Украинаның ғылым мен техника саласындағы 2016 жылғы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ол 6 оқулық, 7 монография, 101 мақаланың авторы. Оның ішінде 14 мақала SCOPUS және WEB of Science бойынша атап өтілді. Ғалымның жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация (PhD) қорғалды.
Елена Сдвижкова Геология, мұнай және тау-кен ісі институтының «Тау-кен ісі» мамандығының магистранттары мен докторанттарына арнап «Тау-кен алқаптары мен топырақтарындағы геомеханикалық үдерістерді зерделеудегі сандық технологиялары» атты дәрістер курсын оқып, жер асты құрылыстарының, үйінділер мен карьерлер ернеулерінің тұрақтылығын бағалау, күрделі тау-кен геологиялық жағдайларындағы жер асты қазбаларының бекітпесіне түсетін жүктемені анықтауға арналған математикалық модельдеу мүмкіндігін ұсынды. Бұл курс «Тау-кен инженериясы» саласы бойынша диссертациялық жұмыстармен айналысып жүрген магистранттар мен докторанттар үшін өте қызықты және өзекті болып табылады. Сонымен қатар физикалық немесе есептегіш зертеулердің деректерін статистикалық өңдеуге және корреляциялық-регрессиялық талдауға арналған практикалық сабақ өткізілді. «RocScience» фирмасының RS2 және RS3 бағдарламаларының құралдарымен пайдалы қазбаларды жер астында өндіру кезінде геомеханикалық процестерді модельдеу әдісі таныстырылып, Украина мен Қазақстан кен орындары үшін жер асты тау-кен қазбаларының тұрақтылығын арттырудың технологиялық сәттері докторанттармен бірге талқыланды.
22 қараша күні профессор Е. Сдвижкова «ЕвроХим» компаниясы ұйымдастырған техникалық тапсырманы шешу бойынша өткен студенттік чемпионаттың қонағы болып, ұсынылған технологиялық шешімдерді талқылауға қатысты.