Сәтбаев Университеті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы рейтингінің ең басында
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2022 жылға арналған қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы шығарылды. Рейтингте Сәтбаев Университетінің 7 білім беру бағдарламасы бірінші орындарды иеленді.
«Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы рейтингі соңғы 6 жылда Қазақстан Республикасының жетекші компаниялары арасында жұмыс берушілер мен нарық сарапшыларының тікелей қатысуымен жасалады. Бағдарламалар 15 критерий бойынша бағаланады, оқытушылардың практикалық тәжірибесі, бағдарламаларды әзірлеуге өндіріс қызметкерлерінің қатысуы, халықаралық аккредитацияның болуы ескеріледі, ал түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін талдауға баса назар аударылады.
2022 жылы «Атамекен» рейтингінде Сәтбаев Университетінің 23 бағдарламасы бағаланды. Оның ішінде 3 бағдарлама бірінші орынға, 13-і рейтингтің үздік 5-іне, 12-і рейтингтің үздік 50% қатарына кірді, тек 2 бағдарлама ғана қорытынды рейтингке өте алмады, өйткені оларды бағалау үшін, сол бағдарламалар бойынша бітірушілер жеткіліксіз болды. Рейтингте әсіресе «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» бағдарламасы ерекше атап өтілді, рейтинг бойынша ол 23 позицияға көтерілді, бұл түлектерді 100% жұмысқа орналастыру кезінде олардың орташа жалақысы 4 есеге өсуіне байланысты.
Еліміздің ең негізгі жұмыс берушісінің қатысуымен құрастырылған бағдарламалар рейтингі университет түлектері өндіріс орындарында жоғары сұранысқа ие екендігін және Сәтбаев Университетінің жыл сайын өсіп келе жатқан білім беру бағдарламалары сапалы екендігін растайды.
Сәтбаев Университетінің 2021–2022 жж. арналған ең үздік білім беру бағдарламаларының рейтингі
№ |
ББ |
2021 |
2022 |
1 |
Геодезия және картография |
2-орын |
1-орын |
2 |
Инженерлік жүйелер мен желілер |
қатысқан жоқ |
1-орын |
3 |
Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
4-орын |
1-орын |
4 |
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
25-орын |
2-орын |
5 |
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
3-орын |
2-орын |
6 |
Мұнай-газ ісі |
8-орын |
3-орын |
7 |
Технологиялық машиналар мен жабдықтар |
8-орын |
3-орын |