2 ақпан 2024 2311

Сәтбаев Университеті білім беру бағдарламаларының «Атамекен» рейтингінде жоғары орындарға ие болды

Сәтбаев Университеті білім беру бағдарламаларының «Атамекен» рейтингінде жоғары орындарға ие болды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2023 жылға арналған білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысы шығарылды. Сәтбаев Университеті техникалық жоғары оқу орындары арасында жетекші орынды иеленуді жалғастыруда – орта есеппен біздің университет түлектерінің 88%-ы оқуды аяқтағаннан кейін бес ай ішінде өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Сонымен қатар бакалавриатты бітірген студенттердің 20%-ға жуығы магистратурада оқуын жалғастырса, магистранттардың 5%-ға жуығы ғылыми жолды таңдап, докторантураға түседі.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының екі бағдарламасы – «Ақпараттық жүйелер» және «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», сондай-ақ Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының бір бағдарламасы – «Стандарттау және сертификаттау» университеттегі ең танымал, әрі жоғары сұранысқа ие бағдарламаларға айналды. Бұл бағдарламалардың түлектері 100% жұмысқа орналасады.

Өткен жылдардың рейтингінде 2021 жылғы үздік бағдарлама ретінде аталып өткен алдыңғы қатарлы бағдарламалар – «Автоматтандыру және роботтандыру» бағдарламасы мен «Робототехника және мехатроника» бағдарламасы жұмысбастылықтың жоғары деңгейін ұстап тұр – сәйкесінше 98,9% және 97,8% жұмысқа орналасады.

Білім беру бағдарламалары

Медиалық айлық жалақы (теңгемен)

Жұмысқа орналасу деңгейі (%)

Экономика

160242.00

89%

Биотехнология

136342.00

91%

Экология

84644.00

67%

Есептеу техникасы және бағдарламамен қмтамасыз ету

291878.00

90%

Ақпараттық жүйелер

 205203.00

100%

Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

252596.00

100%

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

 210698.00

87%

Органикалық заттардың химиялық технологиялары

 241393.00

80%

Электроэнергетика

148593.00

98%

Автоматтандыру және басқару

 218924.00

90%

Машина жасау

186710.00

82%

Технологиялық машиналар және жабдықтар

264193.00

91%

Көлік, көлік техникасы мен технологиялар

163307.00

90%

Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау

234991.00

88%

Тау-кен ісі

249203.00

87%

Сәулет

107110.00

83%

Инженерлік жүйелер мен желілер

136562.00

93%

Құрылыс

182918.00

89%

Геодезия және картография

232404.00

87%

Көлік құрылысы

166572.00

68%

Стандарттау және сертификаттау

 95676.00

100%

Жылу энергетикасы

127287.00

94%

Аспап жасау

222719.00

94%

Металлургия

245738.00

84%

Мұнай-газ ісі

213865.00

84%

2023 жылы университеттер 19 критерий бойынша бағаланды. Олардың ішінде ең бастысы – түлектердің жұмысқа орналасуы, сапа көрсеткіштері, жетістіктері, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу жылдамдығы. Тағы бір маңызды аспект – білім беру бағдарламалары мазмұнының өзектілігін бағалау болды. Рейтингке барлығы 2090 білім беру бағдарламасы қатысты, 100 235 түлек сарапталды, ал бағдарламаларды Қазақстанның барлық аймақтарынан 190-нан астам салалық сарапшы бағалады.

«Атамекен» Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларына биыл алтыншы жыл тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.