Ақпарат:

14 маусым 2022 4472

Сәтбаев университеті еліміздің тарихын еске алды

Сәтбаев университеті еліміздің тарихын еске алды

Маусым айының алғашқы күндерінде Қоғамдық пәндер кафедрасы және Ж.С. Ержанов атындағы ғылыми кітапхана «Қанқұйлы жылдардың қасіреті» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің спикерлер құрамында 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия мүшелері, зерттеуші-ғалымдар: Алтынай Мухамбедьярова, Болат Қабдушев, Еркін Ермұханов, Досалы Салқынбек, Алмажан Утегалиева, Динара Рыскильдинова және саясаттанушы Кәдір Нұрғалым, сәтбаевтанушы Аспандияр Өмірбеков қатысты.

Дөңгелек үстел тыңдаушыларының қатарында Базалық білім беру институтының оқытушылары, Ж.С. Ержанов атындағы тарихи мұражай қызметкерлері және қонақтар болды.

Дөңгелек үстел қатысушылары арасында қызу пікірталас орнап, өз көзқарастарымен және тұжырымдарымен бөлісті. Комиссия мүшелері архив құжаттарын, жарық көрген жинақтары мен еңбектерін таныстырды. Досалы Салқынбек «Ерлік және қасірет» атты кітабын университет кітапханасына сыйға тартты.

Кездесу соңында дөңгелек үстелдің модераторы Тұрлыбек Тумабаев іс-шараны қорытындылап, спикерлер мен тыңдаушыларға алғысын білдірді.

Satpayev University вспоминает историю нашей страны

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту