Сәтбаев Университеті ғылымға аяқ басқан жас PhD докторларын құттықтады
![Сәтбаев Университеті ғылымға аяқ басқан жас PhD докторларын құттықтады](/file/2024/01/05/c23c6a/_793-446.jpg)
Жаңа жыл қарсаңында Сәтбаев Университетінде PhD дәрежесін алған жас ғалымдарға диплом табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. Университет ректоры Мейрам Бегентаев түлектерді құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
– Сәтбаев Университетінде доктор дәрежесін алу – бұл жоғары сапа белгісі. Біздің Ғылыми кеңестен өту, Диссертациялық кеңестен өту, сөйтіп диплом қорғап шығу – үлкен жетістік. Сіздердің арқаларыңызда таяу арада Қазақстанда жаңа ғылыми жаңалықтар ашылатынына мен кәміл сенемін, – деді салтанатты шарада Мейрам Бегентаев.
Марапаттау рәсіміне әртүрлі мамандықтардың докторанттары қатысты, атап айтқанда: химиктер, аспапшылар, гидрогеологтар, жаңа материалдар, наноматериалдар және Ақпараттық басқару жүйелері саласының мамандары қатысты. Бүгін PhD докторы дипломын алғандар:
- Кенжебаева Бибігүл
- Нұрсұлтан Жетенбаев
- Әбілезова Ғазел
- Ақбаян Бекарыстанқызы
- Асель Сейден
- Жұлдызбек Оңласынов
- Айнагүл Кемелбекова
- Әлия Әсембаева
Біз жас докторларды құттықтап, оларға тамаша ғылыми жетістіктер тілейміз!