13 мамыр 2021 4634

Сәтбаев Университеті Қазақ ұлттық аграрлық университетімен ынтымақтастық орнатуда

Сәтбаев Университеті Қазақ ұлттық аграрлық университетімен ынтымақтастық орнатуда

2021 жылғы сәуір айында Сәтбаев университетінің ректоры Мейрам Бегентаев ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есболовпен кездесті. Екі танымал қазақстандық университеттер арасындағы бұл кездесу ынтымақтастық перспективасын және коммерциялық емес акционерлік қоғамға (КЕ АҚ) өту тәжірибелерін талқылау мақсатында өтті. 

Тараптар университеттер жұмысын болашақта коммерциялық дамытуды және жоғары оқу орындарын экономиканың нақты секторына анағұрлым терең интеграциялауды талқылады. Түскен пайда университетті дамытуға, материалдық-техникалық базаны, ғылыми зертханаларды қалыптастыруға  және жобаларды коммерцияландыруға тікелей бағытталады. 

Университеттер арасындағы ынтымақтастық агро- және биотехнология саласындағы бірлескен жобаларды, жаңа құрылыс материалдарын, соның ішінде техногенді және полимерлі жоғары тонналы өндірістік қалдықтарға негізделген, сондай-ақ оларды орналастыру мен өңдеу саласындағы жобаларды көздейді. 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту