Ақпарат:

11 қараша 2022 3075

Сәтбаев Университеті мен Қазақстан стандарттау және метрология институты сапа жөнінде конференция өткізді

Сәтбаев Университеті мен Қазақстан стандарттау және метрология институты сапа жөнінде конференция өткізді

10 қараша күні Сәтбаев Университетінде «Қазіргі жағдайда сапаны дамыту тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жыл сайын қарашаның екінші бейсенбісі күні әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетін Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылды. Сапа күні – әр жыл үшін ерекше күн. 2022 жылы бұл мереке 10 қараша күні атап өтілді. Мерекенің мақсаты – жоғары сапалы өнімдер мен қызметтердің маңыздылығын арттыру.

Конференцияны Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзімен ашып, университеттің стандарттау, сертификаттау және метрология саласындағы жаңа бағдарламаларына тоқталды. Биыл университетте «ҚазСтандарттың» құрал-жабдықтарымен жабдықталған жаңа зертхана ашылып, 32 талапкер бакалавриаттың жаңа білім беру бағдарламасына оқуға түсті.

Satbayev University совместно с Казахстанским институтом стандартизации и метрологии провел конференцию, посвященную качеству

Конференцияға Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев, Қазақстан стандарттау және метрология институтының бас директоры Ғабит Мұхамбетов және Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы басқармасының төрағасы Светлана Романовская қатысты. Конференция қатысушылары университеттің Ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесімен танысып, конференцияның үш секциялық отырысы бойынша бөлінді: «Өнім айналымы», «Сапа менеджменті», «Білім сапасы. кадрлар даярлау. жұмыспен қамтамасыз ету». Баяндамалар мен талқылаулар аяқталғаннан кейін «ҚазСтандарт» тарапынан сыйлықтар табыс етілді, ал Сәтбаев Университеті қонақтарға экскурсия ұйымдастырды.

Satbayev University совместно с Казахстанским институтом стандартизации и метрологии провел конференцию, посвященную качеству

«Қазіргі жағдайда сапаны дамыту тенденциялары» атты конференция өнеркәсіп тиімділігін арттыру жолындағы алғашқы қадам болды. 2022 жылы Қазақстанда өнім сапасына қойылатын талаптар күшейтілген болатын, өйткені біз үшін тек адамдар мен қоршаған ортаға арналған тауарлардың қауіпсіздігі ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру дәрежесі де өте маңызды. Заманауи өндіріс орындары нанодеңгейдегі дәл өлшемдерді қажет етеді, ал Қазақстан сондай сапаны қамтамасыз ету үшін, қолынан келген істің бәрін жасап отыр.

Satbayev University совместно с Казахстанским институтом стандартизации и метрологии провел конференцию, посвященную качеству

Өнімнің сапасы тек машиналар мен бұйымдарды әзірлейтін және жасайтын инженерлердің жұмысына ғана емес, сонымен қатар оң нәтижені қамтамасыз ететін өлшемдердің дәлдігіне де байланысты. Үстіміздегі жылдың шілде айында Сәтбаев Университетінің базасында Қазақстан стандарттау және метрология институтымен бірлесе отырып, «KazStandard академиясының» ашылуы өлшем дәлдігін арттыруға жасалған нақты қадам болды, демек, бұл – әлемдік нарықта қазақстандық өнім сапасының беделін арттыруға да жасалған қадам болып табылады.

Satbayev University совместно с Казахстанским институтом стандартизации и метрологии провел конференцию, посвященную качеству

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту