Ақпарат:

22 қыркүйек 2022 3314

Сәтбаев Университеті оқу орнын ғылыми орталыққа айналдыру жоспарын ұсынды

Сәтбаев Университеті оқу орнын ғылыми орталыққа айналдыру жоспарын ұсынды

Үстіміздегі жылы 21 қыркүйек күні Сәтбаев Университеті басшылығының оқу орны ғалымдарымен бірге кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген жиынды университеттің Корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Көлдеев өткізіп, ұжымды Сәтбаев Университетінің даму бағдарламасы мен 2026 жылға дейінгі ғылыми жұмыс жоспарымен таныстырды. Кездесу барысында Сәтбаев Университетінің жетекшілері, ғалымдары мен менеджерлері университетті әлемдік деңгейдегі инновациялық әзірлемелерді тудыратын орталыққа айналдырудың нақты қадамдарын талқылады.

Сәтбаев Университетінде ғылыми жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Бұл металлургия, мұнай-газ, гидрогеология, тау-кен өнеркәсібі және т.б. салалар бойынша кадрлар даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны болып табылады. Өткен жылы университет Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетімен бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жол картасын әзірледі, ойын әзірлеушілерге арналған GameJam республикалық байқауын өткізді, «Гидрогеология және инженерлік геология», сондай-ақ «Көлік қызметі» бағдарламалары іске қосылды.

Десек те, биік мақсат жолында, яғни Орталық Азиядағы ең үлкен ғылыми орталыққа айналу үшін және 2026 жылға қарай QS бойынша әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіру үшін университет қазірден бастап игі істерді атқара бастады. Осы жұмыс аясында Сәтбаев Университеті өнеркәсіп инженерлерінің жаңа буынын даярлауға көмектесетін іс-шаралар жоспарын қабылдады. Бұл жоспар ағымдағы жылдың ақпан айында үкімет тарапынан құрылған Мемлекеттік инвестициялық жоба аясында жүзеге асырылады.

Жоспар бойынша ең алдымен университетті қайтадан қалпына келтіру, студенттер мен оқытушыларды жаңа оқу ғимараттарымен, жатақханалармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. 1950-жылдарда салынған ескі ғимараттардың орнына жаңа ғимараттар бой көтеріп, жаңа студенттік қалашық салынады.

Жаңа ғылыми-зерттеу орталығы бірнеше бағыттағы мәселелерді шешетін болады:

1. Кәсіпорындар: кәсіпорындарды қажетті ғылыми шешімдермен қамтамасыз ету жұмыстары қазіргі орын алып отырған проблемаларды шешуге сараптамалық қорытынды жасау үшін эксперттерді тартуды, кәсіпорындарды технологиялық тұрғыдан жаңартуды және білікті кадрларды даярлауды қажет етеді.

2. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі: ұлттық геологиялық қызметтің міндеттерін іске асыру, геология саласын автоматтандыру және цифрландыру, гидрогеология саласы бойынша жобаларды іске асыру. 

3. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі: Smart City тұжырымдамасын іске асыру, кәсіпкерліктің цифрлық экожүйесін құру.

4. Академиялық орталықтың 20 артықшылығы: ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру.

5. Мектеп пен колледж: талантты жастарды ғылымға баулу.

6. Ғылым және жоғары білім министрлігі: орын алған мәселелерді оңынан шешу және жас ғалымдардың әл-ауқатын жақсарту, білімді, талантты жастардың елден кетуін тоқтату және жастардың ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу.

Қазақстан ғылымының болашағы – жас ғалымдарға инвестиция салу аталмыш жұмыстың басым бағыттарының біріне айналады. Әлеуметтік мүмкіндігі мол пакет, жалақының көтерілуі, қолжетімді баспананың болуы жас ғалымдарға күнделікті тұрмыстық мәселелерін шешуге және ғылыми қызметке ден қоюға көмектеседі.

Университеттің ғылыми жұмысының негізгі ортасында іргелі зерттеулер басты орын алады. Оларға қажетті ғылыми инфрақұрылымды дамыту осы жоспардың құрамдас бөлігі ретінде алынып отыр. Дәл осындай инфрақұрылым жаңа қолданбалы және ғылыми-зерттеу бөлімшелерінің базасында қолданбалы зерттеулер мен жаңа технологияларды өндіру үшін негіз болады.

Университеттің білім беру және ғылыми бағыттары кеңейтіледі. Сәтбаев Университеті Жаңа мамандықтар атласына сүйене отырып, оқу үдерісін әлемнің жетекші техникалық университеттерінің үлгісі бойынша түрлендіру бағдарламасын жүргізеді. Университет білім беруді ғылыми-зерттеу жұмысы арқылы жүргізудің жаңа схемасын жүзеге асырады, оқыту практикаға және бейіндік пәндерге баса назар аудара отырып жүргізіледі, ал магистранттар тәжірибеден өтушіні дипломдық жобаның жетекшісі ретінде таңдап алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша, университет қосымша дағдыларды меңгерген және цифрландыру жағынан сауатты, еңбек өнімділігін арттыруға, еліміздің экономикасының өндірістік секторын технологиялық тұрғыдан жаңартуға және цифрландыруға қабілетті, тәжірибеге сүйенген білікті мамандарды даярлайтын болады.

Отырыс барысында университет басшылығы ұсынылған жоспарды ғалымдармен бірге талқылап, оқу орнын жақсарту жоспарын жүзеге асырудың нақты қадамдары бойынша бірқатар кездесулер өткізуді ұйғарды.

Сәтбаев Университеті оқу орнын ғылыми орталыққа айналдыру жоспарын ұсынды

Сәтбаев Университеті оқу орнын ғылыми орталыққа айналдыру жоспарын ұсынды

Сәтбаев Университеті оқу орнын ғылыми орталыққа айналдыру жоспарын ұсынды

Сәтбаев Университеті оқу орнын ғылыми орталыққа айналдыру жоспарын ұсынды

Сәтбаев Университеті оқу орнын ғылыми орталыққа айналдыру жоспарын ұсынды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту