Ақпарат:

27 қазан 2022 3725

Сәтбаев Университеті Отан қорғаушылар үшін жоғары оқу орнын ашады

Сәтбаев Университеті Отан қорғаушылар үшін жоғары оқу орнын ашады

25 қазан күні Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев мерзімді әскери борышын өтеген азаматтарға тегін жоғары білім беру жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауымен қол қойды. Әскери қызметкерлер мерзімді әскери борышын өтеген соң,  жаңа бағдарлама бойынша оларға жоғары оқу орындарында білім алу үшін бірден 3000 грант беріледі.

Отан алдындағы борышын ойдағыдай өтеген жастар жоғары сұранысқа ие білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін Сәтбаев Университеті Ғылыми кеңесінің гранттарын алады, бағдарлама жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа тұруға кепілдік береді. Оның үстіне мерзімді әскери борышын өтеген талапкерлер ЖОО-на ҰБТ тапсырмай-ақ түсе алады.

«Қол қойылған келісімдер – мерзімді әскери борышын өтегеннен кейін әскери қызметкерлерді әлеуметтендіру тетіктерінің бірі болып табылады. Біріншіден, әскери қызметте өзін жақсы жағынан көрсетіп, жан-жақты іріктеуден өткен азаматтар жоғары оқу орындарына келеді. Екіншіден, жоғары оқу орындарында әскери тұрғыда шыңдалған, дайындықтан өткен жастар пайда болады. Сөйтіп, мықты, төзімді, тәртіпті жігіттер басқа студенттерге батылдықтың үлгісін көрсетіп, жеке мансаптарын құруға көмектеседі», – деді Руслан Жақсылықов.

Сарбаздарды тегін оқуға жіберген сәттегі іріктеу кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында әрбір сарбаздың рейтингін дұрыс анықтап, оларды жоғары оқу орындарына бөлу үшін, министрлік цифрлық платформа әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Платформа әрбір сарбаздың жауынгерлігін, дене шынықтыруын және арнайы дайындығын бағалау нәтижелері бойынша жеке рейтингін анықтайды, рейтингке сондай-ақ әскери қызметкердің психологиялық жағдайы мен нарядтағы қызмет көрсету нәтижелері енгізіледі. Деректер Қорғаныс министрлігінде жинақталатын болады, оларды алмастыру мүмкін емес. Бағдарлама 2023 жылы іске қосылады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту