9 маусым 2021 8363

Сәтбаев университеті QS World University Rankings рейтингінде өсуді жалғастыруда

Сәтбаев университеті QS World University Rankings рейтингінде өсуді жалғастыруда

9 маусымда Quacquarelli Symonds (QS) әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингін жариялады. Сәтбаев Университеті 40 пунктті арта қалдырып, 501-510 орынға ие болды. SU алғаш рет әлем университеттерінің 39% - на кірді, бұл QS WUR рейтингісіне қатысу тарихындағы университеттің ең үздік нәтижесі.

Әлемдегі ең объективті және ықпалды үш университет рейтингісі бар, олардың қатарына QS World University Rankings университеттердің әлемдік рейтингісімен қатар Times Higher Education World University Rankings және Academic Ranking of World Universities рейтингтері кіреді.

Рейтингті жоғары оқу орындарын талдауға мамандандырылған британдық Quacquarelli Symonds компаниясы жасайды. Жыл сайын компания мамандары жоғары оқу орындарын университеттің академиялық беделі, жұмыс берушілер арасындағы университеттің беделі, шетелдік ПОҚ үлесі, шетелдік студенттердің үлесі, ПОҚ-қа студенттердің қатынасы және ғылыми жарияланымдардың дәйексөзділігі сияқты алты негізгі көрсеткіштен тұратын әдістеме бойынша бағалайды.

Бұл ретте рейтингте бәсекелестіктің күшеюін атап өткен жөн, өйткені жыл сайын қатысушылар саны артып, әлем бойынша орташа көрсеткіштер артып келеді. Сонымен, QS 2016-ға 900 университет, ал QS 2022-ге 1700-ге жуық университет қатысты. 2022 жылғы QS WUR рейтингісінің бірінші орнына Массачусетстік MIT жайғасты.

QS World University Rankings 2022 рейтингісіне әлемнің түкпір-түкпірінен 1300 ЖОО қатысты. Қазақстанның жоғары оқу орындарын алатын болсақ, рейтингтің жоғарғы қатарында көпбейінді университеттер - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті орналасқан. Олардан кейін Қазақстанның ең үздік техникалық жоғары оқу орны – Сәтбаев университеті орналасқан.

Сәтбаев университетіндегі жоғары білім деңгейі және белсенді инновациялық жұмыс - университеттің еліміздің үздік техникалық ЖОО мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді.

Бұған дейін Сәтбаев универсиетті Қазақстанның жоғары білім беру тарихында алғаш рет QS World University Rankings By Subject 2021 жаһандық рейтингіне Petroleum Engineering пән саласында Engineering and Technology санатында кіріп, әлемдік рейтингте 101-150-орынға ие болды.

Жыл рейтингісінің нәтижелерімен ресми сайтта танысуға болады.

Satbayev University - WUR2022- Certificate

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту