Ақпарат:

5 сәуір 2019 5602

Сәтбаев университеті жеке компьютерге арналған «QORG’AY’» бағдарламасын ұсынды

Сәтбаев университеті жеке компьютерге арналған «QORG’AY’» бағдарламасын ұсынды

Енді жеке компьютеріңіздегі ақпарат үшін алаңдаудың аса қажеті жоқ. Қазақстандық ғалымдар компьютерді рұқсатсыз қол сұғудан қорғайтын құрылғы ойлап тауып, оны «QORG’AY’» деп атады.

Құрылғыны іске қосу рәсімі 2019 жылы 5 сәуірде салтанатты түрде өтті. Осы жобаның жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Нұргүл Сейлова аталмыш құрылғы өндірісі – жеке ақпараттың қауіпсіздігі мен оны қорғау бағытында жасалған отандық алғашқы құралдардың бірі екенін атап өтті.

– Мұндай құрылғыларды өз елімізде өндіру келешекте ақпараттық қауіпсіздік саласында ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу шеңберін кеңейтетін болады. «QORG’AY’» импортты алмастыратын өнім болып табылады. Бағдарламамен қамтамасыз етуді үнемі жаңартып отыру құрылғыға бірнеше модификацияларды қатар меңгеруге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде құрылғыны ақпараттың қауіпсіздігі мен оны сақтау саласында икемді түрде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Құрылғының икемділігін ескере отырып, оны тапсырыс берушінің қалауы бойынша модификациялауға болады, – деді өз сөзінде жоба жетекшісі, «Киберқауіпсіздік, ақпаратты өңдеу және сақтау» кафедрасының меңгерушісі Нұргүл Сейлова.  

Сондай-ақ компьютерді рұқсатсыз қол сұғудан қорғау – ақпараттық қорғаудың ең басты мәселелерінің бірі болып табылады.

– Компьютерді рұқсатсыз қол сұғудан қорғайтын бағдарламалардың бізге белгілі көптеген түрлері мен операциялық желілерінде қорғау жүйелері жапсарлас орналасып, олар қолданушылардың аутентификациясы арқылы жұмыс жасайды. Және де операциялық жүйелердің көпшілігінің жұмысына көңіл толмайды. Өйткені жаңарту пекеттері табылған кемшіліктер туралы ақпараттан дамуы жағынан әлдеқайда артта қалған. Енді «QORG’AY’» құрылғысы кемшіліктердің алдын алу үшін және ақпараттарды сақтау үшін қызмет ететін болады, – деді Нұргүл Сейлова.

Ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерциялизациялау үшін «Ғылым қоры» АҚ-ы есебінен бөлінетін гранттық қаржыға Сәтбаев университеті мен «Точприбор» ЖШС бірлесе отырып осы «QORG’AY’» құрылғысын жасап шығарды.

«QORG’AY’»-дың артықшылығы – аппараттық-бағдарламалық қорғау, құрылғының қолданысқа икемділігі мен жан-жақтылығы, компьютердің операциялық жүйесіне  тәуелсіздігі, қолданыстың қарапайымдылығы және биометрикалық датчикті пайдалануы.

«Касперский зертханасы» мәліметтеріне сәйкес,  2014 жылы компаниялардың 87% ішкі қауіп-қатерден жапа шеккен. Оның ішінде 24% оқиғаның салдары жеке мәліметтердің жоғалуына себеп болды. Осындай қауіп-қатердің алдын алу үшін және олардың салдарын жою үшін отандық компаниялар 10,5 млн теңгеден астам қаржы жұмсайды, олардың шығыны кейде 100 млн теңгеден асады. Соның салдарынан компаниялар өз қызметтері туралы мәліметтерді, қаржылық мәліметтері мен клиенттері жөніндегі ақпараттарды жоғалтады.

В Satbayev University запущено производство программы-защитника для ПК «QORG’AY’»

В Satbayev University запущено производство программы-защитника для ПК «QORG’AY’»

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту