Ақпарат:

25 қараша 2024 1248

Сәтбаев университетінде академик Жексенбек Әділовтың 75 жылдығына арналып өткен конференцияда тұрақты дамудың практикалық мәселелері талқыланды

Сәтбаев университетінде  академик Жексенбек Әділовтың 75 жылдығына арналып өткен конференцияда тұрақты дамудың практикалық мәселелері талқыланды

ҚР ҰҒА-ның академигі Жексенбек Әділовтың 75 жылдығына арналған «Тұрақты даму моделіне көшу мақсатында әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару» атты конференция Сәтбаев университетінде өтті. Конференцияға әр елдің университеттерінің ректорлары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен коммерциялық компаниялардың өкілдері жиналып, белгілі ғалым, педагог және жоғары білім беру саласын ұйымдастырушы, Сәтбаев университетінің құрметті ректоры Жексенбек Әділовты мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ ғалымның жетістіктерін атап өтуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, БҰҰ Жаһандық шартының елдегі менеджері Динара Сейджапарова, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Ақеркін Ералиева және шәкірттері мен бұрынғы әріптестері де жиналды.

«Тұрақты даму моделіне көшу мақсатында әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару» тақырыбындағы пленарлық отырыстың модераторы болған университет ректоры Мейрам Бегентаев ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатын оқып берді, әрі Жексенбек Әділов – тұрақты даму патриархтарының бірі екенін, ол Қазақстандағы Болон процесінің бастауында тұрғанын, елімізде тұңғыш зерттеу университетін құрғанын, сондай-ақ Сәтбаев университетінің жаңа дәуірде дамуының бет-бейнесі мен бағытын айқындағанын атап өтті.

Ж. Әділов Сәтбаев университетінің ректоры қызметін атқарған кезде еліміздің техника мен технология саласында ең ірі ғылыми-білім беру және инновациялық-өндірістік кешен – Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті құрылды. Соның аясында ақпараттық-ғарыштық технологияларды ұжымдық пайдалану бойынша Ұлттық ғылыми зертхана ашылып, онда Қазақстандағы ең қуатты суперкомпьютер орнатылды. Инженерлік бағыттағы ең ірі зертханаға заманауи аналитикалық жабдықтар орнатылды, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар бойынша Қазақстан-Корей оқу орталығы мен энергетика және автоматтандырылған басқару жүйелері мамандарын даярлайтын Қазақстан-Франция орталығы, сондай-ақ басқа да орталықтар мен зертханалар ашылды.

Конференция аясында еліміздегі ғылым мен жоғары білім беру саласының дамуына, сондай-ақ Сәтбаев университетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін Жексенбек Әділов университет ректорлары кеңесінің атынан Қ. Сәтбаев атындағы алтын медальмен марапатталды.

Ал конференция озық идеялар мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Баяндамашылар әртүрлі қызмет салаларында: қаржы саласынан бастап, Алматы қаласының дамуына дейінгі салаларда тұрақты даму мақсаттарына жетудің нақты қадамдары туралы талқылады. Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Раиса Өскенбаева өзінің қорытынды баяндамасында тұрақты дамудың басты шарты – білім беру екенін және ол Сәтбаев университеті қызметінің басты бағыты екенін атап өтті.

Қонақтар тұрақты басқару әдістері мен ресурстарды өндіру, соның ішінде жаңа технологиялар мен озық тәжірибелерді экономикалық тиімділік пен тұрақты даму тұрғысынан, сондай-ақ энергетика мен сәулет саласынан бастап, жобаларды басқару саласына дейінгі әртүрлі салалардағы энергия тиімділігін арттыру мен қоршаған ортаға жағымсыз әсерлерді азайту стратегияларын талдау жөнінде талқылады. Қатысушылар сөйлеген сөздерінде жаһандық міндеттерді шешу үшін ғылым мен білім беруді және инновацияларды біріктірудің өзектілігін және дәл осы жолда Жексенбек Әділовтың ел игілігі үшін жасаған көпжылдық еңбегі оларға бағыт-бағдар бергенін атап өтті.

Конференция аясында университеттің ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылып, онда ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жетістіктері мен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жасалған тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жетістіктері таныстырылды.

Сәтбаев университетінде  академик Жексенбек Әділовтың 75 жылдығына арналып өткен конференцияда тұрақты дамудың практикалық мәселелері талқыланды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту