Ақпарат:

23 қараша 2022 2859

Сәтбаев Университетінде Clarivate Analytics конференциясы өтті

Сәтбаев Университетінде Clarivate Analytics конференциясы өтті

22 қараша күні Д.К. Сүлеев атындағы Ғылым және шығармашылық орталығында «Инновациялық экожүйенің дамуы: зерттеулер мен әзірлемелерді бағалау мен ынталандырудың заманауи әдістері» атты ғылыми конференция өтті. Оны Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзімен ашты.

Конференция тақырыбы – ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру арқылы оның нәтижелерін жетілдіру мәселелерін, сондай-ақ отандық ғылым, білім және инновация үшін қолайлы экожүйе қалыптастыру перспективаларын талқылау.

Конференцияда Clarivate Analytics компаниясының жетекші мамандары және ғылыми зерттеулер саласындағы әлемдік көшбасшылар сөз сөйледі.

Технологияларды табысты түрде коммерцияландырудың мысалдары туралы Кендрик Д.Уайт айтып берді, ал Марк Акоев зерттеу ұйымының басшылығына арналған стратегиялық және тактикалық шешімдер қабылдаудың заманауи әдістерін ұсынды. Ал басқа баяндамалар ғылыми зерттеулерді бағалау тақырыбына және инновациялық экожүйені одан әрі дамыту мәселелеріне арналды.

Конференция Clarivate Analytics прошла в Satbayev University

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту